Оның айтуынша қазақстандық былғары қолғап шеберінің менеджері Эгис Климас тарапынан ұйым басшылығына Жәнібекті Деметриустің міндетті қарсыласы ретінде белгілеу туралы арнайы ұсыныс хат жіберіліп қойған.
«Эгис Климас WBO-ға Жәнібек Әлімханұлын Андраденің міндетті қарсыласы ретінде белгілеу туралы хат жолдады. Енді ұйым мүшелері сейсенбі күні жиналып, өтінішті қарастырып көреді.
Мұнда мексикалық Хайме Мунгия бірінші орында тұрғаны мәлім. Әйткенмен, деректерге сенсек, ол Жәнібектің Андрадемен шайқасқа шығуына қарсылық танытпайды. Сондықтан да рейтингте екінші орында тұрған Жәнібек Әлімханұлының сұранысы қанағаттандырылуы тиіс», деді Пагмайр.