Саясат • 22 Қараша, 2021

Судан премьер-министрі қызметіне қайта оралады

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әскери көтерілістен кейін таратылған Судан үкіметінің басшысы Абдулла Хамдук өз міндетіне қайта оралады, деп хабарлайды Egemen.kz «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.

Судан премьер-министрі қызметіне қайта оралады

Судандық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Хамдук қазан айында билікті басып алған әскерилермен, Судан егемендік кеңесінің мүшелерімен тиісті келісімге келген.

Келісімге сәйкес, Хамдук биліктен қуылған Омар әл-Башир президенттігі кезіндегі билеуші ​​партия Ұлттық конгресстен басқа барлық саяси күштермен кеңескеннен кейін үкіметті қайта құрады.

Әскерилер мен Хамдук бірқатар мәселелерде, соның ішінде барлық саяси тұтқындарды босату туралы келісімге келді.