Аймақтар • 22 Қараша, 2021

Алматылық әйел үш баласымен 9-қабаттан секіріп кеткен

892 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда әйел кішкентай үш баласымен 9-қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматылық әйел үш баласымен 9-қабаттан секіріп кеткен

Алматы қалалық Полиция департаменті мәліметінше, Жетісу шағынауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің терезесінен әйел үш баласымен секіріп кеткен.

«Оқиға орнында бір әйел мен екі бала қаза тапты. Жедел жәрдем көлігінде тағы бір бала қайтыс болды. Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себептері мен басқа да мән-жайын анықтау үшін Алматы қалалық ІІД-де жедел-тергеу тобы құрылды», деді полиция өкілдері.

Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себептері мен басқа да мән-жайларын анықтау мақсатында Алматы қаласы ПД-де жедел-тергеу тобы құрылды. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.