Ел тарихын ежелден тасқа басып, ұлт ұраншысына айналып келе жатқан газет-журналдардың, соның ішінде жүз жылдан астам жасампаз тарихы бар, отандық ақпарат кеңістігіндегі орны айрықша басылым «Egemen Qazаqstan» мен «Казахстанская правда» газеттерінің жөні тұрақты оқырмандары үшін тіптен бөлек. Осыны ескере отырып, газет редакциясы 2022 жылға арналған баспасөзге жазылу науқанында өз оқырмандары мен жанашырлары үшін тарту-таралғысын әзірлеп отырғанын хабарлаймыз.

Атап айтсақ, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы газеттерімізге 2022 жылға (ескерту: тек «Қазпошта» желісі арқылы 1 жылға толық жазылу керек, ұтыс жүлдегерлері желтоқсан айында анықталады) толық жазылған оқырмандар арасында ұтысқа смартфондар ойнатуды жоспарлап отыр.
Бұдан бөлек, «Egemen Qazaqstan» газеті өзіне барынша көп жазылым ұйымдастырып, қолдау көрсеткен қарапайым жанашырларына да арнайы сыйлықтарын ұсынады. Мәселен, 15 адамды «Егеменге» жаздырған серіктесіне «Егемен Қазақстан кітапханасы» сериясымен жарыққа шыққан «Бақорда» және «Жиырма бес жыл: жеңістер мен жемістер» атты кітаптарын сыйға тартады. Ал енді 20 адамның «Егеменге» жазылуына себепкер болған оқырман аталған серия бойынша жарық көрген Ш.Мұртазаның «Намыс найзағайы», 25 адамды жаздырса – Ә.Кекілбайұлының «Дәуір дауысы», 30 адамды жаздырса – «Ел және Елбасы», 35 адамды жаздырса «Даналық дариясы» атты құнды кітаптарын сыйлыққа алады.
Егер де 30 және одан көп жазылым ұйымдастыра алған адам болса, онда бұл оқырманымызға бас басылымның ғасырлық тарихынан сыр шертетін, ең құнды мақалалар топтастырылған «Жүз жылдық жылнама» бес томдығы тарту етіледі.
Ел егемендігінің елеулі тірегіндей болған «Egemen Qazaqstan» халықпен бірге тыныстап, газет болашағы ұлтпен бірге ұлғая беретін болса – ол мемлекет мерейі. Себебі «Egemen Qazaqstan» – бір сөзбен айтқанда, байырғы тарихтың бүгіннен болашаққа бет түзеген байсалды көші сияқты.
Сол көштің қашанда қайырлы болуына қарапайым оқырман, көзі қарақты газет жазылушылары, өздеріңіз қосатын үлес үлкен!
«Егеменге» жазылыңыз,
Ол – рухани азығыңыз!
Құқықтық мемлекетте біліксіз заңгерлерге орын жоқ
Қазақстан • Бүгін, 00:35
Демократияға бастайтын тура жол
Референдум-2022 • Бүгін, 00:31
Экономика қайтсе еңсе тіктейді?
Экономика • Бүгін, 00:31
Тозған жылу электр орталықтарын жаңғыртсақ игі
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Банк операцияларын реттейтін платформа
Қаржы • Кеше
Президент саябағына сакура егілді
Қоғам • Кеше
Экономика • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Қоғамды үлкен өзгерістер күтіп тұр
Референдум-2022 • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті
Президент • Кеше
Ахаң жайлы айтады ел қызықты аңыз
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Басты талап – әділ шешім қабылдау
Қоғам • Кеше
Қаржы пирамидасы: қауіп пен қатер
Қоғам • Кеше
Білім • Кеше
Орталық Азияда жоғары білім аймағы құрылады
Білім • Кеше
Өнер • Кеше
«Қасым хан» көрерменін қуанта ала ма?
Кино • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
Криптовалюта: Тәуекелі жоғары, болашағы бұлыңғыр
Қаржы • Кеше
Бес боксшымыз – жартылай финалда
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бүлдіршіндер балабақшадан қашып кеткен
Қоғам • Кеше
«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Каспий теңізіне үш адам батып кеткен
Аймақтар • Кеше
Елордада құрылыс алаңында жұмысшы қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Атырауда бекіре аулаған браконьерлер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тимофей Скатов кезекті турнирді жеңіспен бастады
Теннис • Кеше
Текелі лай көшкінінен тазартылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қаңтар оқиғасы кезінде дүкен тонаған жігіт сотталды
Қоғам • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар