Үкімет • 23 Қараша, 2021

Қазақстан халқы қандай салаларға наразы екендігі белгілі болды

834 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында айтты, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан халқы қандай салаларға наразы екендігі белгілі болды

«Министрлік тәуелсіз ұйымдарды тарта отырып, тұтынушылардың құқығын қорғау мәселесі бойынша әлеуметік сауалнама жүргізді. Ел тұрғындарының басым наразылығы медицина қызметтеріне 46 пайыз, байланыс қызметіне 36 пайыз, қалалық қоғамдық көлікке қатысты 36 пайыз үлесінде анықталды», деді ол.

Сұлтанов атағандай, бұл салаларда тұтынушылардың құқығын қорғау проблемасы жүйелі сипатқа ие.

«Сондықтан мемлекеттік органдар тұтынушылардың наразылығы туындайтын салаларға талдау жүргізу керек. Мемлекет алдында қоғам мен бизнес мүдделері арасындағы тепе-теңдікті орнату жұмысы тұр. Қазір тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін орнатуға арналған 3 мыңға жуық стандарт енгізілді. Жылдан жылға өтініш артып келе жатқан экономика саласына ерекше назар аудару қажет», деді Бақыт Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше