Әлем • 24 Қараша, 2021

«Талибанның» жаңа заңы

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 «Талибан» телевизиялық жобаларда, әсіресе телесериалдарда ауғанстандық әйелдердің бой көрсетуіне тыйым салды.

«Талибанның» жаңа заңы

«Талибан» үкіметі сонымен қатар журналис­тер мен тілшілерге қатысты да жаңа ережені қамтиды. Бұдан былай жаңалық жаршылары сюжеттерінде басына орамал тағуы керек. Дегенмен нақты қандай орамал тағуы тиіс екенін хабарламады.

1990-жылдарда билікке келгенде «Талибан» қыздардың оқуына, мектепке баруына тыйым салған-ды. Тамызда билік басына қайта келген үкіметке халықаралық ұйымдар мен бірқатар ел қыздардың сауат ашуына тосқауыл қойылмасын деген талап қойды. Кеше «Талибан» үкіметі телевизияға қатысты жаңа заңмен таныстырды.

Жоғарыда аталғандардан бөлек бұдан былай шариғат заңдарына қайшы бейнематериалдар көпшілік назарына ұсынылмайды. Әйелдерден бөлек жалаңаш еркектер бейнеленген материалдарға да тыйым салынды.

Көңіл көтеретін шоулар мен ойын-сауық бағ­дар­ламалары да телеарна кестелерінен алынды. Шетел мәдениетін дәріптейтін телехикаялар да көр­сетілмейді.

Ауғанстан журналистер ұйымының өкілі Хуж­жа­тулла Мужаддеди бұл заңдар тосын бол­ға­нын, мұндай қатаң тыйым салуды ешкім күтпегенін ха­барлады.