Кәсіпқой бокс • 24 Қараша, 2021

Головкин орта салмақтың королі бола ала ма?

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Matchroom Boxing промоутерлік ұйымының басшысы Эдди Хирн бүкіләлемдік бокс ұйымына және бүкіләлемдік бокс кеңесіне WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андраде мен WBC чемпионы Джермалл Чарло арасында жекпе-жек ұйымдастыру мәселесімен қайырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Головкин орта салмақтың королі бола ала ма?

Әлемдік бокс ұйымдарына хат жолдаған ол желтоқсанда қолғап түйістіретін Геннадий Головкин мен жапониялық Риота Мурата жекпе-жегінің жеңімпазын Андраде-Чарло шайқасында жеңіске жеткен боксшыға қарсы қойғысы келетінін жеткізді.

«Геннадий Головкин-Риота Мурата кездесуінде мерейі үстем болған боксшыны Андраде-Чарло шайқасының жеңімпазына қарсы шығарып, орта салмақтың королін анықтау керек. Абсолютті чемпион атағы сарапқа салынатын шайқас қай кезде де қызық», дейді промоутер.