Кәсіпқой бокс • 24 Қараша, 2021

Тэйлорды Макгрегормен қосып құлатамын – Фируза Шарипова

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой бокс әлемінде қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Фируза Шарипова әлемнің абсолютті чемпионы Кэти Тейлорға қарсы шайқас алдында күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тэйлорды Макгрегормен қосып құлатамын – Фируза Шарипова

«11 желтоқсан күні мен жылдың басты жаңалығымен қуантамын. Кэтидің барлық белбеуін тартып алып, Қазақстанға әкелемін. Оған ештеңе көмектесе алмайды. Тіпті онымен бірге шаршы алаңға Конор Макгрегор қосылып шықса да қолдарынан түк келмейді. Мен екеуін қосып құлатамын», деді тараздық кәсіпқой боксшы.

Естеріңізге сала кетейік, Кэти Тейлор мен Фируза Шарипова арасындағы шайқас 11 желтоқсан күні Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтеді.