ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, таңертеңнен бері көктайғақтан зардап шеккен тұрғындар медициналық мекемелерге жүгінуде.
«Бірнеше сағат ішінде дәрігерлер жарақат алып, аяқ-қолы көгерген 33 адамға көмек көрсетті. Көктайғақ кезінде азаматтардың барынша абай болғаны жөн», делінген ақпаратта.