Білім • 25 Қараша, 2021

Орталық Азиядағы оқу бағдарламаларының ықпалдастығы

510 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультеті ЮНЕСКО Халықаралық коммуникация даму бағдарламасы аясында (IPDC) Орталық Азия университеттерінде қолданыстағы деректер журналистикасы бойынша оқу бағдарламаларын ықпалдастыру жобасын жүзеге асыруда.

Орталық Азиядағы оқу бағдарламаларының ықпалдастығы

Халықаралық бағдарлама БҰҰ Сапалы білім және Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік мақ­саттарын орындауда журна­лис­­тік білімді жетілдіру мен жақ­­сартудың жаһандық бастама­сы дайындаған ресурстарды пай­далана отырып дамытуға бағыт­та­лып отыр.

Журналистика және комму­ника­ция саласындағы Тұрақ­ты да­му мақсаттары коммуника­ция­лық жобаларға қолдау көр­сетеді. Сонымен бірге Орта­лық­ Азиядағы журналистика­ университеттерінің зерттеу­ле­рі, ЮНЕСКО-ның оқу бағ­дар­ла­масы, гендерлік ағым және БҰҰ қызметімен үйлестіру жобаның институционалдық негізі болып саналады. Сондай-ақ Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы Қазақстан, Тәжікстан, Өз­бекстан, Қырғызстан уни­версиеттерінде зерттеу журна­листикасындағы деректер бойынша семинарлар ұйымдастырып, ЮНЕСКО-ның нұсқаулықтарын таратып, ресурстарымен бөлісіп, көмек беруді мақсат етеді.

Қазақстандағы жобаның үй­лес­тірушісі Гүлмира Сұлтан­бае­ва­­ның айтуынша, журналистік білім беруде ЮНЕСКО-ның оқу бағ­дарламалары Орталық Азия­ның 55 университетінде қол­даныста. Бүгінде Орталық Азия журналистикасындағы де­ректер журналистикасы интерак­тив­ті графиктер мен визуалды кон­тентті пайдаланудың тиімді құ­ра­лына айналып отыр. Бірақ бұл кезеңде маңызды фактілер мен тарихи деректер жоғалу ық­ти­малдығы басым. Сондықтан журналистік зерттеулер барысында тиімді қолдануға негізделген де­ректер журналистикасы бо­йын­ша ЮНЕСКО-ның оқу бағ­дар­ламасын бейімдеу үшін про­фес­сорлық-оқытушылық құрам мен зерттеушілерді дайындау қа­жеттігі туындап отыр.

Журналистика деректерін пай­даланатын зерттеу журналистикасы Орталық Азия елдерінде әлі жеке жанрға айнала қойған жоқ. Бұл жоба Орталық Азия ай­мағындағы 19 университеттің жур­налистика факультеттерінде де­ректер журналистикасы бойын­ша бі­лім сапасын жақсартуға ықпал етеді әрі зерттеу журналис­ти­касының тиімділігін арттырады. Ұсынылып отырған жоба ЮНЕСКО-ның зерттеу журналистикасы оқу бағдарламасын, Орталық Азия елдерінде білім беру, гендерлік, денсаулық сақ­тау салалары бойынша журна­лис­тік зерттеу жүргізу үшін ин­теграциялауға және бейімдеу­ге бағытталған. Журналистика жә­не коммуникация саласын­да­ғы тұрақты даму мақсаттары­на қол жеткізуге Орталық Азия уни­верситеттері журналистика және коммуникация қауым­дас­тығының мүшелері болып та­былатын журналистика факуль­тет­терінің ғалымдары үлес қо­сатын болады. Әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ-да 2019 жылдан­ бері инновациялық «Data-жур­на­листика» және Ыстанбұл уни­верситетімен қосдипломдық «Big Data және журналистика» магистрлік білім беру бағ­дар­ламалары оқытылып келеді.

Орталық Азия университет­тері IPDC журналистік білім бе­­рудегі озық тәжірибелер негі­зінде жа­һандық бастамаға сәйкес деректер журналистикасы бо­йынша білім сапасын арттыру мүмкіндігін береді. Дата журна­листика саласында халықара­лық және ұлттық мамандардың қаты­суы­мен аталған университеттерде оқу жоспарын әзірлеуге ар­нал­ған тренингтер Алматы, Ду­­шан­­бе, Таш­кент және Біш­кек қа­­лаларында өтетіндігі жоспар­ланған. Жаңа білімді, біліктілік­ті игеруге ба­ғытталған тернинг­­тер нәтиже­сінде қатысушы ел­дер ара­сында тәжірибе алмасу мен же­тіл­діру басты нәтиже саналады.

ЮНЕСКО-ның журналис­терге білім беруге арналған «Де­ректер журналистикасы бо­йын­ша курсының» жаңа басылымы Ор­талық Азиядағы ұлттық журналистика және коммуникация университеттерінің білім беру үрдісіне ықпалдастыру, өңірлік академиялық ынтымақтастық­ты дамытуға және халықара­лық коммуникацияны дамыту бағдарламаларын тиімді іске асыруға ықпал етеді.

 

АЛМАТЫ