Бұл оқиғаның сәтті аяқталғанын тек қазіргі байланыс технологиясының озықтығы арқасында болды деп батыл айта аламыз. Егер ол болмаса білдей бір азамат ажал құшуы әбден мүмкін еді.

Солтүстік Қазақстан облысында бір аптаның ішінде жұқа болса да үзіліссіз жауған қар желдің үйіруімен кейбір жазық өңірлерде жолдарды да жауып үлгерді. Уәлиханов ауданында да сондай жағдай туған. 22 қарашада түнгі мезгілде осы ауданның Ақбұлақ ауылына жақын маңда 1981 жылы туған Ресей азаматы «Шевроле Круз» жеңіл көлігімен келе жатады. Оның көздегені Ақмола облысының Ақсу ауылы екен. Сондағы бір туысының жерлеуіне асыққан жігіт тура жолдармен жетуге тырысады. Ол қалың қар басқан жолда адасып, тұрып қалады. Дәл осы жерде ешқандай байланыс желісі де жоқ екен. Түн болса суытып барады, өтіп жатқан көлік жоқ, аңыраған айдала. Алайда жігіт жүріп келе жатқанда Волгоградта жатқан жұбайына хабарласып, жолдан адасып келе жатқанын, қайда барып тоқтарын білмейтінін айтып үлгеріпті. Әйелі болса Ресей Федерациясының ТЖМ өңірлік басқармасына жедел хабарласады. Ондағылар қазақстандық әріптестерінің деректерін беріп, байланысуға көмектеседі. Содан Уәлиханов ауданының орталығы Кішкенекөл ауылында іздестіру-құтқару жұмыстарының жедел штабы құрылады. Оның құрамына Төтенше жағдайлар бөлімінің, Уәлиханов ауданының полиция қызметінің және жергілікті Ақбұлақ және Телжан ауылдық округтерінің өкілдері енеді.
«Іздестіру жұмыстары барлық 5 бағыт бойынша жүзеге асырылды, себебі сол жерде бірнеше ауыл жолдары бар еді. Түн түнегін түріп, бір-біріне қарсы 7 көлік экипажымен 11 адам қозғалды. Нәтижесінде, 100-ден астам шақырым жүрген құтқарушылар 4 сағаттан кейін ғана зардап шегушіні тапты. Тісі-тісіне тимей, дірілдеп тоңған оны жылы машинаға отырғызып, көлігін сүйреп Кішкенекөлге жеткіздік», дейді ТЖ бөлімінің бастығы Бауыржан Рахымжанов.
40 жастағы азамат өзін құтқаруға келгендердің бәріне алғысын жаудырып, сапарын қауіпсіз жолмен жалғастырды. Әйелі де Волгоградтан телефон соғып, облыстық ТЖД басшылығы мен мамандарына жүргізілген құтқару операциясы үшін алғыс айтты. Азаматын аман құтқарғаны үшін ол үш жас баласы мен түні бойы баласын күткен қайын енесінің атынан да алғыс жеткізді. Сөйтіп бір адам ажалдан аман қалды. Ал Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД биылғы қыста алғашқы адамды құтқарды. Ал былтырғы маусымда олар 639 адамды құтқарған. Оның үшеуі жас бала.
Солтүстік Қазақстан облысы
Алма импортын шектей аламыз ба?
Экономика • Бүгін, 21:15
Мектепке дайындық отбасыларға оңайға соқпай тұр
Білім • Бүгін, 21:12
Елорда • Бүгін, 21:08
Қытай бастамасынан бас тартады
Әлем • Бүгін, 21:06
Әлем • Бүгін, 21:03
Назгүл Естеусизова: Міндет – коллекторлық қызмет нарығын дамыту
Сұхбат • Бүгін, 20:59
Қоғам • Бүгін, 20:58
Өңірлерге «идеологтер» қажет емес пе?
Қоғам • Бүгін, 20:56
Аймақтар • Бүгін, 20:54
Тас жолдағы трагедия азаймай тұр
Қоғам • Бүгін, 20:46
Мырзашөл-Шардара өңіріндегі ашаршылық
Тарих • Бүгін, 20:44
Өнер • Бүгін, 20:43
Бұрынғы қолжазба – бүгінгі қазына
Тарих • Бүгін, 20:42
Әдебиет • Бүгін, 20:39
Арқаның арқары да ауып кеткен...
Қазақстан • Бүгін, 20:37
Экология • Бүгін, 20:35
Су тапшылығы қолдан жасалған жоқ па?
Аймақтар • Бүгін, 20:33
Балауыздан құйылған Абылай хан бейнесі
Өнер • Бүгін, 20:32
Өнер • Бүгін, 20:31
Өнер • Бүгін, 20:30
Спорт • Бүгін, 20:29
Спорт • Бүгін, 20:28
Өңірде өнім көлемі артып келеді
Аймақтар • Бүгін, 20:27
Абай • Бүгін, 20:26
Таным • Бүгін, 20:25
Өнер • Бүгін, 20:23
Мысырда шіркеу өртеніп, 40-тан астам адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 19:55
Алтай Көлгінов құрылыс саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Елорда • Бүгін, 19:30
Абай облысында сақ дәуірінің ескерткіші табылды
Аймақтар • Бүгін, 18:42
Президент Балташ Тұрсымбаевтың отбасы мен туыстарына көңіл айтты
Президент • Бүгін, 18:13
Ақмола облысында газ баллоны жарылып, 1 адам көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 17:35
Ереванда сауда орталығында жарылыс болды
Әлем • Бүгін, 16:53
Қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев дүниеден өтті
Оқиға • Бүгін, 16:10
Биыл 1 млн 119 мың га жер мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:03
Шетелден келген қазақ өнерпаздары Тараз жұртын өз өнерлерімен тәнті етті
Өнер • Бүгін, 15:33
Ақтау-Жетібай тасжолында көлік жарылып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:51
Қарағанды облысында бір тәулікте жол апатынан төрт адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 14:23
Елордада Ironman Kazakhstan жарысы басталды
Елорда • Бүгін, 13:36
Ислам ойындары: Қазақстандық ауыр атлет күміс медаль алды
Ауыр атлетика • Бүгін, 12:53
Үкімет басшысы мектеп формасының бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 12:25
Ұқсас жаңалықтар