Ғылым • 25 Қараша, 2021

ҚазҰАЗУ ғалымдары Бельгияның агротехнология тәжірибесін зерттейді

432 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне Бельгия Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Анри Вантигем және Валлон экспорт және инвестициялар жөніндегі агенттігі бас директорының кеңесшісі Шанталь Де Бле (AWEX)  бастаған делегация келді, деп жазады Egemen.kz.

ҚазҰАЗУ ғалымдары Бельгияның агротехнология тәжірибесін зерттейді

Делегация құрамында FIT агенттігінің Орталық Еуропа елдері бойынша өңірлік директоры Барт Ван ден Бош, Валлон агенттігінің ЕурАзЭҚ елдері бойынша экспорт және инвестициялар жөніндегі өңірлік менеджері (AWEX) Александра Тонких, Қазақстандағы Бельгия Корольдігі елшілігінің сауда-экономикалық кеңесшісі Айжан Мұсақанова, Эно провинциясының Агрономия және агроөнеркәсіп халықаралық орталығының (СARAH) агрономия жөніндегі менеджері Франсуа Сернэлс, ProAniWal компаниясының бас директоры Паскаль Леруа бар.

Сапардың мақсаты – екіжақты өзара тиімді ынтымақтастықты орнату және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы бірлескен ғылыми инновациялық жобаларды іске асыру.

Шанталь Де Бле ханымның айтуынша, ҚазҰАЗУ ғалымдары Бельгияның ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру жөніндегі тәжірибесін зерделеп, алынған тәжірибені еліміздегі картоп трансфертіне және оның бейімделуін қолдана алады.

Кездесу барысында Қазақстан-Бельгия арасындағы жоғары білім беру, ғылыми-зерттеу қызметі мен ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа мүмкіндіктерді арттыру мәселелері талқыланды.

Эно провинциясының Агрономия және агроөнеркәсіп халықаралық орталығының (CARAH) агрономия жөніндегі менеджері Франсуа Сернэлс ҚазҰАЗУ ғалымдарымен ынтымақтастық орнату жөніндегі бастамаларды қолдайтынын және бірлескен жобалар жасау жөнінде өзінің ұсыныстарын білдірдірді. CARAH – фермерлерге озық агротехнологияларды енгізуге көмектесетін коммерциялық емес қауымдастық. Біздің ғалымдарымыздың осы компания мамандарымен ынтымақтастығы Қазақстанда картоп дақылдарын көбейту үшін жаңа агротехнологияларды енгізуге, сондай-ақ фермерлердің құзыретін арттыруға мүмкіндік береді деп санаймын. Егер жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты біздің университеттің басқаруында екендігін ескеретін болсақ, онда осы бағытта жергілікті ғылыми орталықтардың мамандарымен өзара ынтымақтастықтың тиімділігі арта түсетініне сенім мол.

Өз сөзінде ҚазҰАЗУ Басқарма төрағасы - ректор Тілектес Есполов университет өз тарапынан агрокешен саласындағы өнім өндіруді ұлғайтуға ықпалы тиетін барлық бірлескен инновациялық ғылыми жобаларды жүзеге асыруға  барлық жағдайды жасайды деп сендірді.

ҚазҰАЗУ микроклональды көбею зертханасында картопты вируссыз отырғызу материалын шығаруға болады. Сондай-ақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ҒЗИ зертханаларын да осы игілікті іске қосу қажет деп ойлаймыз. Болашақта елімізде картопты өңдеуді жоғары деңгейге көтеру жоспарлануда. Оған оқу орнымыздың білікті ғалымдары да өз үлестерін қосатын болады.

Кездесу барысында ПроЭниВол (ProAniWal) компаниясының бас директоры Паскаль Леруа мал шаруашылығы саласында бірлесіп жұмыс істеу тәсілдерін ұсынып, компанияның мал шаруашылығы саласындағы тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін жеткізді.

Кездесу соңында қонақтар Вагенинген институты, Өсімдіктердің микроканалды көбею зертханасы, Агротехникалық және Су Хабтарында, Қазақстан-Беларусь агроинженерлік инновациялық және Қазақ-Жапон Азық-түлік технологиялары орталықтарында, Сүт және сүт өнімдерінің референттік зертханасында болып, ғылыми ізденістердің жетістіктерімен танысты.

Бельгиялық қонақтардың ҚазҰАЗУ базасындағы дамыған ғылыми-инновациялық инфрақұрылым мен ғалымдардың қызметіне жоғары баға бергені қуантады. ProAniWal, CARAH және Awex университетпен мал шаруашылығы, ветеринария, агрономия салаларында ынтымақтасуға ниет білдірді.