Қазақстанның Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Сарыбай ЯСЖТШҰ Атқарушы хатшысы Лассина Зербоға Сенім грамотасын табыс етті. Қазақстан өкілі Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу жөніндегі шарт ұйымының (ЯСЖТШҰ) Атқарушы хатшысымен әңгіме барысында ортақ мүддеге жататын бірқатар мәселелерді талқылады.
Қ.Сарыбай ядролық қаруды таратпау режімінің негізгі элементтерінің бірі ретінде Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу жөніндегі шартқа Қазақстанның тұрақты қолдауын атап өтті. Мемлекетіміз аумағында Вена қаласындағы ЯСЖТШҰ Халықаралық деректер орталығына тиісті ақпараттарды жіберіп отыратын төрт сейсмикалық және бір инфрадыбыстық бақылау стансалары орнатылған.
Қ.Сарыбай үшін аталған мәселелердегі еліміздің озық ұстанымы мен БҰҰ Бас Ассамблеясының Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы әрекет күні және «АТОМ» Жобасын жариялауын қоса алғанда, Қазақстан басқа мүше мемлекеттер үшін ядролық қарусыздану және таратпау мәселелері бойынша үлгі мемлекет болып табылатынын атап өтті.
Өз кезегінде Л.Зербо Қазақстанның жаһандық ядролық қауіпсіздікке қосқан тарихи үлесін, сондай-ақ, еліміздің Ұйымның қызметі мен әлеуетін арттыруға қатысуымызды атап кетті. Атқарушы хатшының пікірінше, Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамашылықтары жаһандық ядролық қауіпсіздік пен ядролық қарусыздануға айтарлықтай үлесін қосуда.
Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу жөніндегі шартқа қол қою Нью-Йорк қаласында 1996 жылғы 24 қыркүйекте ашылды. ЯСЖТШҰ-ға сәйкес, әрбір мүше мемлекет ядролық қарудың сынақ жарылысын жүргізбеуге, өз құзыретіндегі немесе бақылауындағы кез келген жерде ядролық жарылыстарға тыйым салуға және алдын алуға міндетті.
Қазіргі таңда шартқа 183 мемлекет қол қойып, 163-і бекіткен. Келісімнің күшіне енуі үшін ядролық әлеуетке ие 44 мемлекет тарапынан бекітілуі қажет. Келісімге Үндістан, КХДР және Пәкістан қол қойған жоқ, ал Египет, Үндістан, Иран, Израиль, ҚХР, КХДР, Пәкістан және АҚШ бекітуден өткізген жоқ.
Қазақстан Келісімге 1996 жылғы 30 қыркүйекте қол қойып, 2001 жылғы 14 желтоқсанда бекітті.
«Егемен-ақпарат».

Қазақстан IT-экспортында жаңа рекорд орнатты: 1,1 млрд доллар межесі еңсерілді
Технология • Бүгін, 17:08
Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі: Полиция жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 16:55
Азық-түлік сапасы: Химиялық тыңайтқыштар денсаулыққа қалай әсер етеді?
Шаруашылық • Бүгін, 16:52
«Қаражанбасмұнай» жұмысшылары Президентке үндеу жолдады
Еңбек • Бүгін, 16:45
Қызылорда облысында түйе ұрлаған азамат 5 жылға сотталды
Қылмыс • Бүгін, 16:28
Қан донорларына төленетін өтемақы мөлшері көбейе ме?
Медицина • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді
Президент • Бүгін, 16:08
@TazaQazBot – тазалық жолындағы тиімді тетік: 24 мыңнан астам мәселе шешімін тапты
Экология • Бүгін, 15:59
Президент Қазақстан құрамасын Азия біріншілігінде табысты өнер көрсетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:23
Мемлекет басшысы: «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының түпкі мәні – қоғамдық сананы жаңғырту
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:10
Президент: Қожа Ахмет Ясауидің мұрасын зерттеп, оны елімізде және шетелде кеңінен дәріптеуіміз керек
Президент • Бүгін, 14:51
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 14:48
Тоқаев: Заңға бағыну мәдениетін түбегейлі орнықтыруымыз қажет
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:39
Мемлекет басшысы бір топ жас ғалымға пәтер кілттерін табыстады
Президент • Бүгін, 14:33
Президент қазақстандық ғалымдарды марапаттады
Президент • Бүгін, 14:20