01 Наурыз, 2014

Ынтымақтастық жоспары белгіленді

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (Омбудсмен) Асқар Шәкіров Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы елші Наталия Заруднаямен кездесті. Кездесу барысында Омбудсмен және біздің еліміздегі ЕҚЫҰ өкілдігі арасындағы 2014 жылға арналған ынтымақтастық жос­пары талқыланды, сондай-ақ, екіжақты өзара әрекеттесудің перспективалары, негізгі бағыттары мен оны іске асыру нысандары туралы пікір алмасу өтті. Бұдан бұрын құқық қорғау сипатында жүзеге асырылған бірқатар маңызды іс-шараларды өткізуге мүмкіндік туғызған ортақ жұмыс нәтижелеріне оң баға берілді, соның ішінде Қазақстанда және шетелдерде Омбудсменнің жұмысы туралы есептердің көпшілік алдындағы тұсаукесері бар. – ЕҚЫҰ Орталығының қазақстандық Омбудсмен институтына көрсетіп жатқан көп жылғы қолдауы, әрине, ұлттық құқық қорғау мекемесінің нығаюына жағымды әсерін тигізді. Оның жалғасуы ел дамуының ұзақмерзімді стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге септігін тигізетін фактор болатынына сенімдімін, деді А.Шәкіров. Өз кезегінде елші Н.Зарудная Қазақ­стандағы Омбудсмен институтының дамуына оның басшылық еткен офисінің көрсетіп жатқан қолдауына тұтас ұлттық құқық қорғау жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде зор мән беретінін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара әрекеттесудің негізгі бағыттарын анықтап, бірқатар нақты бірлескен іс-шараларды белгіледі және екіжақты ынты­мақтастықты жалғастыру туралы ортақ келісімге келді, деп хабарлады Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жө­ніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі.