Тағайындау • 29 Қараша, 2021

Шығыс Қазақстанда жер қатынастары басқармасының басшысы ауысты

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы болып Надежда Михейлис тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс Қазақстанда жер қатынастары басқармасының басшысы ауысты

Надежда Федоровна 1988 жылдың 11 сәуiрінде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Борсақ ауылында дүниеге келген.

2010 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 2010 жылы жастар іс-тәжірибесі бағдарламасы бойынша Өскемен қалалық жер қатынастары бөлімінде бастады.

2011-2013 жылдары аралығында Ұлан ауданының жер қатынастары бөлімінде хатшы, маман, бас маман болып қызмет еткен.

2014-2018 жылдары ШҚО жер қатынастары басқармасы жер учаскелерін беру және тәркілеу бойынша ұсыныстарды дайындау бөлімінде бас маман және бөлім басшысы болды.

2018-2019 жылдары аталған басқармада әкімшілік бөлімнің басшысы лауазымын атқарған.

2019 жылдың тамыз айынан бастап осы уақытқа дейін Ұлан аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы болып еңбек етті.