Әлем • 29 Қараша, 2021

Гонконгта омикрон штаммын жұқтырған үшінші адам анықталды

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Гонконгта коронавирустың омикрон штаммының үшінші тасымалданған жағдайы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Гонконгта омикрон штаммын жұқтырған үшінші адам анықталды

«Нигериядан келген 24 жастағы ер адамнан омикрон штаммымен инфекцияның үшінші жағдайы расталды», делінген Дансаулық сақтау министрлігі таратқан хабарламада.

Жергілікті үкіметтің сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 38 және 80 жастағы екі ер адамнан бұған дейін омикрон штаммы анықталған. Олар Гонконгқа Катар мен Канададан ұшып келген болатын.

Үшінші азаматта да COVID-19 белгілері байқалмаған. Олардың бірі Гонконг халықаралық әуежайында тестілеу кезінде оң нәтиже көрсетті, ал қалған екеуінде вирус қонақүйдегі карантин кезінде расталды. Қазіргі уақытта олар ауруханада жатыр.