Оқиға • 30 Қараша, 2021

СҚО-да есірткі өндіруші 16 жылға сотталды

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында есірткі өндіруші 16 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-да есірткі өндіруші 16 жылға сотталды

Солтүстік Қазақстан облысында синтетикалық есірткі өндірісі мен өткізуді ұйымдастырған қылмыстық топ мүшелеріне үкім шығарылды. Өндірістен бастап бөлшек саудаға дейінгі заңсыз есірткі бизнесін толық циклды жолға қойған төрт петропавлдық сот алдында жауапқа тартылды.

35 жастағы қала тұрғыны Петропавл қаласында алдымен жалдамалы гаражда есірткіні синтездеуге тырысқан қылмыстық топты ұйымдастырған. Кейіннен астыртын әрекет ету мақсатында өндірісті облыс орталығынан тыс жерге көшірді.

Есірткіні тарату арналарын әзірлей отырып, ол немере ағаларын есірткіні таратуға тартқан. Бұл ретте ҰҚТ ұйымдастырушысы ешкімге сенбеген және психотроптық заттарды сатып алушылармен, оның ішінде таратушылармен тікелей байланысқа түспеген.