Қазақстан • 30 Қараша, 2021

Марат Әзілханов ұйғыр этномәдени орталығының өкілдерімен кездесті

516 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Бүгін Нұр-Сұлтан қ. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин ҚХА ұйғыр этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Марат Әзілханов ұйғыр этномәдени орталығының өкілдерімен кездесті
Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы» ҚБ төрағасы Ш.Нұрымов, басқарма мүшесі Д. Абдулхалил және «Қазақстан ұйғыр жастары одағы» РҚБ төрағасы Р.Қаирыев Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» Тәуелсіздіктің 30-шы жылдығында жүргізіп келе жатқан жұмыстары, ұйғыр этносының еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық өміріндегі белсенділігі туралы айтты.
 
Атап айтқанда, Орталық Ш.Нұрымовтың басшылығымен ұйғыр ортасында мәдениет пен білім беруді дамытуға бағытталған бірқатар маңызды жобаларды іске асырып жатқаны атап өтілді. Сонымен қатар, ұйғыр этномәдени бірлестігінің - Әйелдер кеңесінің, ұйғыр тілінде оқытатын мектептер қауымдастығының, Ғалымдар кеңесінің, «Жигит Беши» институтының, Суретшілер кеңесінің, Аналар кеңесінің, Спорт кеңесінің ұйғыр этносының әлеуметтік, мәдени және білім беруде дамуындағы қоғамдық құрылымдарының белсенді рөлі атап өтілді.
 
Сонымен қатар орталық Алматы облысының Ұйғыр, Панфилов, Еңбекшіқазақ аудандарымен, Алматы, Талдықорған қалаларымен кең ұйғыр жұртшылығымен есеп беру кездесулерін өткізді.
 
Осы кездесулер барысында ұйғыр этносының өзекті мәселелері талқыланып, жастарға Қазақстандық патриотизм рухында білім беру мен тәрбиелеу, ұлттық тілде оқытатын мектептерде көптілді оқыту шеңберінде мемлекеттік тілді ілгерілету мәселелері және басқа да өзекті мәселелер қаралды. Ұйғыр жұртшылығы Президент Қ.К. Тоқаевтың биылғы 21 қазандағы Ассамблея Кеңесінің отырысында берген тапсырмаларына жан-жақты қолдау білдірді.
 
Кездесу барысында Марат Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясының "Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы" ұйғыр этносының бірігуінде негізгі интегративті рөл атқаратынын және осы мәселеде үлгі болып табылатынын ерекше атап өтті.
 
Орталық жұмысының арқасында ұйғырлардың мемлекет пен қоғамның өзекті әлеуметтік-мәдени күн тәртібіне одан әрі қатысу мәселелері ойдағыдай шешілуде.
 
Мемлекет Басшысы қойған міндеттерді іске асырудағы, атап айтқанда, волонтерлік және қайырымдылық қызметті дамыту, Ассамблеяның «Бейбітшілік пен келісім жолымен» маңызды тележобасын іске асырудағы «Қазақстанның ұйғыр жастары одағының» белсенді рөлі атап өтілді.
 
Сонымен қатар, М.Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының» ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың төрағалығымен өткен ҚХА Кеңесінің тапсырмаларын іске асырудағы жетекші маңызын атап өтіп, алдағы кезеңге арналған нақты міндеттерді белгіледі.
 
Кездесу барысында кездесуге қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» аясында Ұйғыр этномәдени бірлестіктерін одан әрі топтастыру, этносаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау қажеттігіне егжей-тегжейлі тоқталды.
 
Кездесуге қатысушылар ұйғыр ортасында қазақстандық патриотизм, мемлекеттік тілдің рөлін біріктіретін азаматтық теңдік қағидаттарын ілгерілетудің жолдары мен әдістерін талқылады.
 
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығымен» бірлесіп, Мемлекет басшысының этникалық топқа айналуы мүмкін қақтығыстарға, этникалық тәкаппарлық, кез келген белгілер бойынша кемсітушілік көріністеріне, осы негізде қоғамдық тәртіп пен ішкі тұрақтылықты бәсеңдету әрекеттеріне «мүлдем төзбеушілікті» қамтамасыз етудегі міндеттері бойынша шаралар талқыланды.
 
Талқылаудың маңызды тақырыптарының бірі елдің ауылдық жерлері мен қалаларында тұйық этникалық аудандар мен орамдардың қалыптасуының теріс үрдісін, «ішкі эмиграция» феноменін еңсеру бойынша жүйелі шаралар әзірлеу туралы мәселе болды, қорытындысы бойынша Ұйғыр орталығынан ұсыныстар енгізу туралы шешім қабылданды.
 
Сондай-ақ ұйғыр этномәдени бірлестіктері белсенді қатысатын этномедитацияның жаңа форматын әзірлеу мәселесі талқыланды.
 
Сонымен қатар «Уйғур авази» газетінің ұжымы мен орталықтың жастар қанатының алдына елдегі бірлік пен келісімге қарсы бағытталған арандатушылық жарияланымдарға уақытылы ден қою міндеті қойылды.
 
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығын» нығайту, оның қатарында қоғамдық белсенділерді, ғылыми және шығармашылық интеллигенцияны шоғырландыру міндеттері белгіленді.
 
«Қазақстанның ұйғыр жастар одағына» «Жаңғыру жолы» қозғалысын ассамблеяның республикалық жастар ұйымы – «Ассамблея жастары» етіп қайта құру бойынша көмек көрсету, сондай-ақ халықты кеңінен қамти отырып, ҚХА және оның құрылымдарының толассыз республикалық жобаларын іске асыруға қолдау көрсетуді қамтамасыз ету ұсынылды.
 
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының» басшылары өңірлердегі этностардың әлеуметтік-экономикалық ықпалдасу шараларына барынша белсенді түрде жәрдемдесуге, Мемлекет басшысының экологиялық бастамаларын іске асыруға және 2022 жылдың көктемінде «Халық Достығы» саябақтарын салуға жастардың белсенді қатысуын қамтамасыз етуге дайын екендіктерін білдірді.
 
Қорытындылай келе, Марат Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің барлық этномәдени бірлестіктеріне, оның ішінде этностардың мәдениетін, дәстүрлерін, тілін дамыту мәселелерінде барынша қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті. Әрбір қазақстандықтың Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту ісіне қатысу қажеттігі атап өтілді.
 
Ассамблея Төрағасының Орынбасары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік күніне орай Ассамблеяның «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының» басқармасы мен мүшелеріне жылы құттықтауларын жеткізіп, оларға денсаулық пен жұмыста табыс тіледі.