Кәсіпқой бокс • 02 Желтоқсан, 2021

Мунгияның арманы – Головкин

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орта салмақтағы мексикалық боксшы Хайме Мунгия 2022 жылы Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мунгияның арманы – Головкин

«Егер маған таңдау құқығы берілсе, келесі жылы екі қарсыласпен жұдырықтасқанды жөн көремін. Олар Сергей Деревянченко мен Геннадий Головкин. Габриэль Росадоға қарсы жақсы кездесу өткіздім. Уақыт өткен сайын өзімнің нағыз бабыма енгенімді анық сезініп жүрмін. Сондықтан үлкен жекпе-жектерге тас түйін дайынмын деп толыққанды айта аламын», дейді мексикалық жас пері.