Кино • 02 Желтоқсан, 2021

«Абайдың қара сөздері» фильмінің түсірілімі аяқталды

578 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президентінің телерадиокешені Абайдың 175 жылдығына арнап түсірген киножоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығынан» қолдау тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Абайдың қара сөздері» фильмінің түсірілімі аяқталды

Фильм он бес астарлы әңгіме мен философиялық трактаттардан тұрады. Киножоба режиссері ақынның іргелі туындысын жаңа қырынан ашу үшін күрделі шешімдер қолданған.

Басты кейіпкерлердің рөлдерін қазақстандық кинематографтың еңбек сіңірген актерлері – Тұңғышбай Жаманқұлов, Жан Байжанбаев, Ерік Жолжақсынов, Нұрлан Әлімжанов, Аружан Жазылбекова, Берік Айтжанов, Аян Өтепберген сомдады.

1

Телерадиокешеннің Бас директоры Раушан Қажыбаева «қара сөздерде» ұлттық тәрбие мен дүниетаным, адамгершілік және моральдық негіздер көтеріледі дейді.

«Ұлы Абайдың кеңестері мен нұсқаулары бүгінгі күні де өзекті. Біздің жұмысымыз қазақ әдебиетінің классигі, ақын, қоғам қайраткері және XIX ғасырдың ұлы ағартушысы – «қара сөздерді» ілгерілетуге үлес қосады деп үміттенеміз», деді ол.

Киножобаның түсірілім жұмыстары Алматы мен Алматы облысының аумағында өтті.

Айта кетсек, фильм үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде түсірілген. Дәл қазір көркем фильм графикалық жұмыстарды жүргізудің соңғы кезеңінен өтуде.

1