Расында да бүкіләлемдік бокс ұйымының өз ережесі бар. Соған сәйкес әлем чемпионы өзіне тиесілі белбеуді тоғыз айда бір мәрте қорғауы тиіс. Ютуб-арна да осы мәселені алға тартқан. Жақында ғана рингке шыққан америкалықтың уақыты көп екенін еске салған.
Иә, шынында да Андраде мен Әлімханұлы арасындағы жекпе-жек тоғыз ай күткен толғақтай болғалы тұр. Деметриустің командасы жақын күндері келіссөз жүргізгенімен, шайқас уақытын соза түсуге тырысатыны даусыз. Сондықтан бұл кездесу тоғыз ай бедерінде өтсе де қазақ жанкүйерлері үшін үлкен олжа.