Спорт • 03 Желтоқсан, 2021

Спортты серік еткен

405 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұқаралық спорт – ұлт саулығының басты кепілі екені баршаға белгілі. Тәуелсіздік алған жылдан бері «Тәні саудың – жаны сау» қағидасын берік ұстанған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақстандықтарды саламатты өмір салтын ұстануға шақырып келеді.

Спортты серік еткен

Сурет «Егемен Қазақстанның» архивінен алынды

Елбасы Қазақстан хал­қы­ның болашағына тікелей тұтқа болатын спорт саласын еш­­қа­шан назардан тыс қалдыр­ған емес. Өзінің жыл сайынғы Жол­­дауларында, түрлі жиын­дарда сөйлеген сөздерінде әр­дайым спортты, оның ішін­де бұ­қаралық спортты дамы­туға ай­рықша көңіл бөліп келеді. Тұңғыш Президенттің спорт­қа деген осындай қамқор­лы­ғы­ның арқасында бүгінде Тә­уел­сіз елдің ұл-қыздары ха­лық­­аралық жарыстарда Көк туы­мызды көкте желбіретіп, Ән­ұранымызды шырқатып жүр.

Нұрсұлтан Назарбаев өзінің бір сөзінде: «Халқымыз ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа балаған. Осы қағиданы берік ұс­танған мемлекетіміз ел хал­қының ойы сергек, дені сау бо­луы үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасауда. Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті болады. Сондықтан спорттың бұқаралық сипатын дамыту – мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі. Спорт – елдің мерейін асырып, абы­ройын тасытатын сала. Тәуелсіздік жылдары ел спорт­шылары халықаралық ірі жа­рыстарда топ жарып, көк бай­рағымыз асқақтай түсуде», деген болатын.

Елбасы тек сөзбен ғана емес, жеке үлгісімен де Қазақ­стан халқына саламатты өмір салтын белсенді түрде насихаттайды. Тұңғыш Президент тығыз жұмыс кестесіне қара­мастан, әрдайым спортпен шұғылдануға уақыт таба­ды. Мәселен, Нұрсұлтан Назарбаев­тың ең сүйікті спорт тү­рінің бірі – үлкен теннис. Ұлт көшбасшысы ракетканы еркін меңгерген және корт­қа жүйелі түрде шығып тұ­рады. Айта кетерлігі, үлкен теннисті көптеген саясаткер мен түрлі елдің президенттері жанына серік еткен. Өз ке­зін­де Елбасының лайықты әріп­те­сінің бірі Ресейдің тұңғыш пре­зиденті Борис Ельцин болған.

Сонымен қатар Тұңғыш Пре­зиденттің тағы бір ден қойған спорты – гольф. Елба­сы өзге де белгілі әлем­дік сая­­­саткерлер және бизнес­мен­­­дердің қатарында түрлі ха­­лықаралық турнирлерге де жиі қатысады. Өзінің айтуын­­ша, Тұңғыш Президент алғаш тау шаңғысын 55 жа­сын­да меңгеріпті. Содан бері Нұрсұлтан Назарбаевтың Шым­­­бұлақ шатқалында және бас­қа да таулы курорттарда күні бүгінге дейін шаңғы теуіп жүр­генін көруге болады.

Бүгінде Қазақстанда жаңа спорт кешендері, бассейндер, гольф алаңдары, теннис корттары ашылуда. Олардың бәрі қа­зақстандықтардың игілігі мен денсаулығына қызмет етеді. Оған қоса, Алматыда тау шаңғысы туризмі жыл өткен сайын танымал бола түсуде.

Тұңғыш Президенттің сындарлы және жүйелі мемле­кеттік саясатының нәти­же­сінде қазақстандықтар спортпен кө­бірек айналысып, өз денсаулығына жіті көңіл бөле бастады. Саламатты ұлт – Қа­зақ­­стан табысының басты кепілі.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025