Облыс орталығы Өскеменде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы жолы» атты мерекелік концерт өтті. Иә, тәуелсіздік жолында Елбасының жолы ерек, еңбегі ерен.

Үлбінің жағалауындағы «Ертіс концертте» өткен салтанатты шараға Шығыстың әнші-күйшілері ғана емес, Қазақстан эстрадасының танымал жұлдыздарының бірі «Mezzo» тобы да әннен шашу шашты.
Мерекелік концертке келген қала жұртшылығы ең алдымен «Ертіс концерттің» кіреберіс фойесіне қойылған «Кемеңгер көшбасшы – кемел Қазақстан» атты көрмені аралап көрді. Облыстық А.Пушкин атындағы кітапхана ұжымы ұсынған бұл көрмеде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы, ел үшін еткен еңбегі, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен осы күнде жеткен жетістіктері туралы мол мәлімет жинақталғанына куә болды ел. Көрмеден соң елдің назары Елбасы туралы деректі фильмге ауды. Қысқаметрлі деректі фильмде Тұңғыш Президенттің жүріп өткен жолы баяндалады.
Мерекелік күнге орай ұйымдастырылған концерттің шымылдығы Қ.Мұхтардың орындауындағы «Асыл аға» атты әнмен түрілді. Сондай-ақ көрерменнің ыстық ықыласына ие болып жүрген қазақ эстрадасының танымал әншілері «Mezzo» тобы да арнайы келіп, өнер көрсетті. Классикалық стильде ғана ән салатын «Mezzo» тобы биыл Сочиде өткен «Жаңа толқын» байқауына қатысып, дүйім жұртты өнерлерімен тәнті еткен еді. Бұл жолы да олар Г.Подэльскийдің «Люблю тебя, мой край родной», Абайдың «Көзімнің қарасы» әндерін орындап, өскемендіктердің қошеметіне бөленді. Иә, тыңдап отырып, өнердің, ән өнерінің бір шыңы дерсіз. Көңілді кеште «Incoro» тобы Н.Назарбаевтың «Город мой» әнін шырқады.
Тұңғыш Президенттің ядролық қарудан бас тартып, бүкіл әлемге үлгі болғанын бәріміз білеміз, мақтан тұтамыз. Мерекеге орайластырылған бұл концертте Елбасының Семей ядролық полигонын жапқандағы еңбегі де аталды. Осынау игі істің желісін «Алтай» халықтық би тобы «Семей-Невада» композициясы арқылы сәтті алып шықты. Мерекеге орай тәуелсіз елдің бақытты балалары да өлең оқып, әннен шашу шашты. Олар «Үшқоңыр», «Ақ көгершін», «Земля моя» әндерін шырқап, көрермен жүрегін елжіретіп жібергендей болды. Ұйып тыңдады бәрі. Бір сағатқа созылған мерекелік концерт Н.Назарбаевтың «Жерім менің» әнімен қорытындыланды.
Шығыс Қазақстан облысы
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын жеңіп алды
Бокс • Бүгін, 09:42
Қарағанды облысында 41 мың адам жұмыспен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 09:10
Елордада жеңіл атлетикадан марафон ұйымдастырылды
Елорда • Кеше
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысында 15 жастағы балаға найзағай түсіп көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Елімізде 9,5 миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе алды
Коронавирус • Кеше
Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды
Үкімет • Кеше
Шетелдегі Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алады
Қазақстан • Кеше
Елімізде бір тәулікте 3 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстан • Кеше
21 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
Белгілі этнограф, суретші Ералы Оспановтың кітаптарының тұсаукесері өтеді
Өнер • 20 Мамыр, 2022
Смайылов ТМД елдерін азық-түлік бағасымен күресте күш біріктіруге шақырды
Саясат • 20 Мамыр, 2022
Солтүстік Кореяда ковидке шалдыққандар саны 2 миллионнан асты
Әлем • 20 Мамыр, 2022
«Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына кепілді өтем төлеу мерзімі аяқталады
Экономика • 20 Мамыр, 2022
Алматыдағы 3 жолайрықтың құрылысы келесі жылы аяқталады
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
«Астрахань-Маңғыстау» су құбыры күрделі жөндеуді талап етеді
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
Маңғыстауда 10 мектептің директоры айыппұл төледі
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
«Ақ қауырсын» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
Ұқсас жаңалықтар