04 Наурыз, 2014

Украинадағы жағдайға қатысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Украинадағы оқиғаларға байланысты ерекше алаңдаушылығын білдіреді. Шиеленістің одан әрі өрбуі аймақтық, сондай-ақ, жаһандық ау­қым­дағы күтпеген нәтижелерге алып келуі мүмкін. Қазақстан барлық тараптарды жағ­дайды реттеу барысында күш қолдану шешімдерден бас тартуға және қалып­тасқан мәселені келіссөздер арқылы шешу мақсатында барынша саяси күш-жігер танытуға шақырады. Бұл ше­­шім халықаралық құқықтың іргелі қағидаттарына негізделуі тиіс. Барлық мүдделі тараптарды жағ­дай­ды бағалауда байсалды, әділетті болуға және жауапкершілік танытып, украиналық дағдарысты ушықтыруға себеп болатын әрекеттерден бас тар­туға шақырамыз. Қазақстан тез арада жағдайдың тұ­рақ­тануына, барлық саяси күш­тер­дің бей­біт үнқатысуына және құқықтық тәр­тіптің қалпына келуіне үміт артады.