Оқиға • 03 Желтоқсан, 2021

Қостанайда 20 жерінен пышақталған азамат аман қалды

513 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда дәмхананы жалға алған ер адамға жас жігіт 20 рет пышақ сұққан. Жәбірленушінің қызы әлеуметтік желіде қанды оқиғаның мән-жайын баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда 20 жерінен пышақталған азамат аман қалды

«Бұл жағдайдың дәл менің отбасымда болғаны мен үшін ауыр тиді. Барлығы әділетті түрде шешілгенін қалаймын. 20 пышақ жарақаты бұл қол сілтейтін нәрсе емес» деп жазды ол.

Оқиға Қостанай қаласындағы «Сарыкөл»  дәмханасында болған.

«Әкем 20 пышақ жарақатын алды, маңызды ағзалары (бауыр, асқазан және өкпе) зақымданды. Қылмыскер болған жағдайдан кейін жедел жәрдем шақырып, оқиға орнынан қашып кеткен. Әкеме күрделі операция жасалды, ары қарай ол реанимацияда жатты, қазір жалпы палатаға ауыстырылды», деп жазды жәбірленушінің қызы.

Белгілі болғандай, қанды оқиғадан кейін зардап шегуші 30 қараша күні полицияға арыз жазған. Ал 1 желтоқсан күні 28 жастағы күдікті қолға түскен.

Осы оқиғаға қатысты Қостанай қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті ұсталып, Қостанай қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторында отыр. Таныстар арасындағы жанжал ішімдік ішу кезінде болғаны анықталды. Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», деп хабарлады баспасөз қызметі.