04 Наурыз, 2014

Атына заты сай екенін нақты іспен дәлелдеуде

473 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
logo JPGЕң ұлы жолдың өзі шағын ғана қадамнан басталады. Осыдан 15 жыл бұрын «Отан» партиясы құрылған кезде еліміздің сындарлы күштері, нағыз патриоттар саяси ұйымға бірігіп, елді жаңғыртуды, экономиканы дамытуды, әлеуметтік әділдіктің сақталуын өз жауапкершілігіне алды. «Отан» РСП Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы 1999 жылы 23 наурыздан бастап жұмыс істей бастады. Партияның ұйымдастыру жұмысына Н. Кабиров, Р.Ахметов, С.Сейтжанов, Д.Шерімқұлов, Ж.Мәуленқұлов, Т.Мақашова, К.Әлекешов, Л.Раманова және т.б. белсенді қатысты. Осы жылдары партия өзінің қалыптасу және даму барысында күрделі жолмен небір асулардан өтті. Партия қоғам мен мемлекет өмірінің барлық саласында қарқынды және тиімді дамуды қамтамасыз етуге үнемі атсалысып келді. Өткен жылдары біздің партия парламенттік көпшілік болып қалыптасты және жалпы халықтың сенімін иеленді,  ел бірлігін бәрінен жоғары қоюдың нағыз үлгісін көрсетті. Қазіргі таңда «Нұр Отан» саяси институттардың ішінде көшбасшы екені даусыз. Халықтың үлкен сеніміне ие партия бүгінде бір реттік іс-шаралар ұйымдастыруды емес, еліміздегі саяси, әлеуметтік-экономикалық, өзге де жаңғыртулардың басы-қасында жүруді мақсат етеді. Нағыз атына заты сай екенін сөзбен емес, іспен дәлелдеуде. Бүгінде Қазақ елін серпінді даму жолына бастау еліміздегі ең қуатты саяси күш – «Нұр Отанға» жүктеліп отыр. Оған партияның барлық ресурстары бар, ең алдымен, әрине, адами ресурстары. Біздің облыста 85796 адам «Нұр Отан» партиясының мүшесі болып табылады. Олар 310 бастауыш партия ұйымдарына топтастырылған. Партияның мүшелері эко­но­микалық және халыққа қызмет көрсету салаларында – 9,8, ден­саулық сақтау саласында 10,3, білім беру мекемелерінде 49,8 пайызды құрайды. Облыс тұрғындарының 3,2 пайызы «Нұр Отанның» мүшелері. Партия қатарына өткісі келетіндер білім-білігіне, қөз­қа­расы мен ұстанымына қарай іріктеледі. Өйткені, қазіргі кезде саннан сапа маңызды. Облыстағы депутаттық корпустың 92 пайызы  «Нұр Отан» мүшелері. Қоғамдық қабылдау бөлмелері мен жемқорлықпен күрес бойынша қоғамдық кеңестері бар 19 аймақтық партия филиалдары жұмыс атқаруда. _DSC6866Қоғамдық қабылдау – пар­тияның басты бағыттарының бiрi. Осы арқылы тiкелей ха­лық­пен жүздесiп, өтініштерін тыңдаймыз, олардың оң шешiлуіне көмектесеміз. Жыл басынан бері облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 920 азамат өтінішпен келді. Азаматтарды толғандыратын мәсе­лелер негізінен тұрғын үймен, жұмыспен қамтамасыз ету, материалдық көмек көрсету, тағы басқалар. Келіп түскен арыз-шағымдардың барлығы бақылауға алынып, бірқатары оң шешімін тапты. Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің алдағы даму перспективаларын кезең-кезеңімен белгілеп берді. Партиямыз еліміздің жетекші сая­си күші ретінде өз жұмысында бірінші кезекте Қазақстанның әрбір аймағында, әрбір қаласы мен ауылында орналасқан жергілікті бас­тауыш ұйымдарына арқа сүйейді. Сондықтан партия алдында бүгін жергілікті ұйымдардың қызметінің сапасын жаңа деңгейге көтеру мәселесі тұр. Басты назар өңірлік филиалдар мен жергілікті бастауыш ұйымдарының жұмысына аударылады. Бүгіндері жергілікті партия ұйымдарының әлеуетін нығайтуға бағытталған бірқатар жұмыстар жүзеге асырылды. Соның нәтижесінде біз партия жұмысының негізгі басымдылығы өңірлерге ауысып жатқанын анық көреміз. Өңірлердегі филиал­дардың материалдық негі­зі айтарлықтай нығайды, ұйым­дар­дың кадрлық құрамы жаңарды, қызметкерлердің жалақысы 15 пайызға өсті. Қаражатты үнемдеу нәтижесінде өңірлерді қосымша қаржыландыру мүмкіндігі пайда болды. Алғаш рет партиямыздың Орталық аппараты қыз­мет­кер­лерінің аттестациясы өтті. Ен­ді аттестациялау өңір­лер­­де де жүргізілетін болды. Бар­лық аймақтық филиалдар ғи­ма­раттармен, автокөліктермен қамтамасыз етілді. Партиямыздың интернет кеңестігіндегі даму стра­тегиясы дайындалып, «Элек­трондық партия» жобасы іске қосылды. Әлеуметтік желілердегі партияның ықпалы тұрақты өсуде, партияның жаңа символикасы жұрт арасында кеңінен таныстырылуда. Өткен кезеңдерде көптеген іс-шаралар атқарылды, ал алдымызда әлі көптеген міндеттер тұр. Біріншіден, партиямыздың жаңару үрдісі әрі қарай жалғастырылмақ. Енді партияның 2020 жылға дейінгі бағдарламасын Елбасының халыққа Жолдауындағы, сондай-ақ, саяси Доктринада белгіленген мақсаттарға сай сәйкестендіру қажет. Партия ел Президентінің басшылығына және жаңа Саяси Доктринаға сүйене отырып, қазақстандықтардың сапалы өмір мен елдің дамуын қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан алғанда, тарихы терең, еңбегі ерен, қазақи қаймағы бұзылмаған өңір – Оңтүстік Қазақстан облысындағы әрбір партия мүшесіне, азаматына жүктелген жауапкершілік зор болмақ. Алмасбек МАМЫТБЕКОВ, «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. Оңтүстік Қазақстан облысы.