Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • 03 Желтоқсан, 2021

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: «Қайырымды істер марафоны» қорытындыланды

53 рет көрсетілді

Бүгін, Павлодарда өткен «Қайырымды істер марафонының» қорытындысына арналған салтанатты шарада ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жалпыұлттық іс-шараға белсенді қатысқан азаматтарға үндеуін оқып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бұл – халқымыздың асыл қасиеттерін дәріптеп, көпшілікті жақсылық жасауға жұмылдыратын жалпыұлттық жоба. Мерейлі жылда елімізде қоғамдық маңызы бар нақты жұмыстар атқарылуда. Осы марафон – соның жарқын мысалы. Волонтер жылындағы игілікті істер жалғасын тауып, дәстүрге айналғанын көрсетеді. Шын мәнінде, қиындыққа тап болған адамға қамқорлық жасау – қанымызда бар қасиет», делінген Мемлекет басшысының үндеуінде.

Салтанатты шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, Парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, өңірлік және республикалық ҮЕҰ өкілдері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар қауымдастығы мен БАҚ қатысты.Ң

«Марафонға 1200 ҮЕҰ мен волонтерлік ұйым, 300-ден астам білім беру ұйымы, 360 ұжым мен кәсіподақ қатысты. Ұжымдар мен коммерциялық ұйымдардың қайырымдылыққа жіберген жалпы сомасы 6,2 млрд теңгені құрады», деді А.Балаева өз сөзінде.


Министр Президенттің бастамасын қолдау ісінде ерекшеленген және өзгелерге айрықша үлгі болған өңірлерді атап өтті.

«Барлық көрсеткіштер бойынша бұл: Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Ақмола облыстары», деді А.Балаева.
Сондай-ақ, іс-шара барысында Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, Парламент Мәжілісінің депутаты Вера Ким сөз сөйледі.

Марафонның жабылуы аясында «Ең мейірімді» байқауының жеңімпаздары; сондай-ақ қайырымдылық саласында маңызды қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды анықтау, тану және көтермелеу үшін жыл сайын өткізілетін «Жомарт жүрек» қайырымдылық сыйлығының лауреаттары марапатталды.

 

Соңғы жаңалықтар

Мұнай бағасы көтеріле ме?

Экономика • Кеше

Алашорда офицері

Қазақстан • Кеше

471 мың долларға сатылды

Әдебиет • Кеше

Шабыт пен шарап

Әдебиет • Кеше

Ұқсас жаңалықтар