Елбасы • 05 Желтоқсан, 2021

Нұрсұлтан Назарбаев Қырымды неге Ресейдің жері деп танымағаны туралы айтты

933 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев уақытында Қырымды неге Ресейдің бір бөлшегі ретінде мойындамағаны туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Нұрсұлтан Назарбаев Қырымды неге Ресейдің жері деп танымағаны туралы айтты

Бұл туралы Елбасы америкалық кинорежиссер Оливер Стоунға берген сұхбатында ой өрбітті.

«Ол кезде тиісті референдум болды. Біз Қырымды Ресейдің жері деп таныған жоқпыз. Ондай жағдайда Осетияны, Абхазияны, Косовоны да мойындауым керек еді», деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сол кездегі Украина Президенті Петр Порошенконың үн қатуына қарамастан, Елбасы Киевтегі мемлекеттік төңкерісті де қолдамағанын тіліне тиек етті.

«Украинада бәрі тыныш болған кезде Ресеймен қарым-қатынас дұрыс болды. Қырымда тұратындардың бәрі туыстарына, достарына барып, сөйлесе алды. Ал украин ұлтшылдары келіп, бәрі украиндар үшін екенін айтқан кезде, олар әрине алаңдап, Ресейден қайта қабылдауды өтінді, референдум болды. Бұның бәрі жақсы емес. Мұның бәрі Киевте болған төңкерістен туындады», деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Қырым 2014 жылғы референдумнан кейін қайтадан Ресейдің қатарына қосылған болатын.