Елорда • 05 Желтоқсан, 2021

Субұрқаққа секіріп басы дауға қалды

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада ойын-сауық орталығының субұрқағына секірген 19 жасар тұрғын қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Субұрқаққа секіріп басы дауға қалды

«Полицияның «102» арнасына жас жігіттің екінші қабаттан «Mega Silk Way» ойын-сауық орталығының субұрқағына секіргені туралы хабарлама келіп түсті. 19 жастағы елорда тұрғынының достарымен бәстесіп, бірінші қабатта орналасқан субұрқаққа секіргені анықталды. Орталыққа келушілер қауіпті әрекеттің еріксіз куәгері болды.

Жас жігітті орталық күзетшісі ұстап алып, полиция қызметкерлеріне тапсырды. Қоғамдық тәртіпті бұзған азамат Есіл ауданының полиция бөліміне жеткізілді», делінген хабарламада.