Жуырда Шымкенттегі «Көрме орталығында» Отбасы банкінің қалалық филиалы ұйымдастырған жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі өтті. Аталған іс-шараға құрылыс компаниялары, банк кеңесшілері мен жергілікті әкімдік өкілдері қатысты. Жәрмеңке барысында келушілер тұрғын үйлерді салыстырып, таңдап, тұрғын үй құрылысын салушы компанияның өзінен тікелей жеңілдіктер алды.

Сондай-ақ Отбасы банк кеңесшілері тұрғындарға несие төлемдерін есептеп, алдын ала мақұлдау құжаттарын дайындап берді. Өз кезегінде, банктен оң нәтиже алған салымшыларға құрылыс компаниялары 3 млн теңгеге дейін жеңілдік ұсынды.
Отбасы банк салымшылары құрылыс салушылардан дайын пәтермен бірге пайдалануға енді тапсырылатын пәтерлерді де сатып ала алады. Несие мөлшерлемесі 5-8,5% (ЖТСМ 9%-дан бастап) аралығын құрайды. Күні бойы жалғасқан жәрмеңкеде келушілерге 40 шақты тұрғын үй кешенін салған, мыңнан астам пәтер ұсынған оншақты құрылыс компаниясының өнімдерімен, жұмысымен танысуға мүмкіндік туды. Қысқасын айтқанда, үшінші мегаполисте өткен жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі құрылыс компанияларын, банк кеңесшілерін және жергілікті әкімдік өкілдерін бір арнаға тоғыстырған маңызды әрі ауқымды іс-шара болды. Сол арқылы қала тұрғындары баспана мәселесі бойынша әр мекемеге жүгірмей, жәрмеңкенің мүмкіндігін пайдаланып, өзіне керекті бүкіл мәліметке «Көрме орталығынан» қол жеткізіп қайтты.
Банк өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда шымкенттіктер арасында баспаналы болу ниетімен Отбасы банкінде қаражат жинап жатқандар саны көп. Биылғы жылдың өзінде 35 125 азамат жаңа депозит ашқан. Салымдарға деген үлкен сұраныс несие мөлшерлемесінің қолжетімді болуымен түсіндіріледі. Алғашқы жарнаны толтыру үшін депозитке қаражат жинаса болады. Сосын салымшыларға төменгі мөлшерлемемен несие алуға мүмкіндік беріледі. Жыл басынан бері
3 527 қала тұрғыны осы мүмкіндікті пайдаланып, қоныс тойын тойлап үлгерді.
Солардың бірі Шымкенттегі «Қазына» атты №20 балабақшада қызмет атқаратын Гүлнар Құдайбергенова Тұран 2 шағын ауданынан жуырда 1 бөлмелі пәтер алды.
– Өткен қазан айында Отбасы банк арқылы пәтерлі болдым. Үйді алардан бұрын 4 жыл қатарынан депозитке ақша құйып тұрдым. Шамама қарай банктің салымына жинай бердім. Бірақ салымдардың арасын үзген жоқпын. Осы 4 жылдың ішінде 900 мың теңгедей қаражат жинадым. Отбасы банкі де қаржы жағынан көмектесіп тұрды. Яғни әр жыл сайын маған 100 мың теңгенің үстінде мемлекеттік сыйлықақы тағайындалып отырды. Пәтердің құны 8,7 миллион теңге болды. Қазір ай сайын 65 мың теңге төлеп жүрмін. Ипотекалық несие құны 5 пайызды құрайды. Эльдар есімді балам бар. Жасы 23-те. Ол да бүгінгі таңда Отбасы банкінен шот ашып, соған өзі қаражат жинап жатыр. Баспаналы болып, төрт құбыламыз теңеліп қалды. Бұған дейін туыстардың үйінде тұрдық, қанша жақының болса да бәрібір қысылады екенсің. Үйдің іші кең, жылы, өте ыңғайлы. Осыдан жеті жыл бұрын әкімдік арқылы пәтер кезегіне тұрғанмын. Пәтерді 9 қабатты үйдің 5-қабатынан алдым. Жеделсаты жұмыс істеп тұр. Сондықтан барша жұртты мемлекеттің қарапайым тұрғындарға беріп отырған осындай мүмкіндігін пайдаланып қалуға шақырамын, – деді Гүлнар Құдайбергенова.
Мемлекеттік «Шаңырақ» бағдарламасымен үй алған жандардың бірі Шырынкүл Есенбекова да Отбасы банкінің ұсынған жеңілдіктеріне дән риза. Өзінің айтуынша, ипотекалық несиені 13 жыл бойы төлемек. Соның 8 жылында ай сайын 65 мың теңгеден банкке ақша аударса, қалған 5 жылында айына 35 мың теңгеден төлем жасайды.
– Мұның алдында екі жыл пәтер кезегіне тұрып, Отбасы банкіне 3 жыл қатарынан қаражат жинап жүрдім. Сосын өткен айдың соңында банктен хабарласып: «Құттықтаймыз, сіз үйлі болдыңыз, келіп пәтер кілтін алып кетіңіз!» дегенде шыны керек, қуаныштан төбем көкке екі елі жетпей қалды. Бәрінен бұрын өз баспанамызға қол жеткізгенімізге бала-шағам қатты қуанды. Інімнің үйінде тегін тұрсам да өз үйіңе, қарашаңырағыңа бәрібір ешнәрсе жетпейді ғой. Өзімнің екі қызым бар. Үлкені тұрмыста. Одан немере сүйіп отырмын. Қазір сол қызым балаларыма деп әлден қамданып, бала-шағасының атынан банктен шот ашып, ақша жинап жатыр. Ендігі кезекте алған жаңа пәтерімнің ішін жиһазбен жабдықтау мәселесіне кіріскелі жүрмін, – дейді шаттық көңілі әлі жүзінен кетпеген Шырынкүл Есенбекова.
Ал үй немесе пәтер алуға шешім қабылдай алмай жүргендер, яғни тұрғын үй мәселесіне әлі белсене кіріспей жатқан банк салымшыларының депозиттеріне жыл сайын 2% сыйақы және 20% мемлекеттік сыйлықақы қосылып отырады. Осы арқылы банк клиенттерге баспана қаражатын тезірек жинақтауға көмектеседі.
– Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі Шымкент қаласында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Осы іс-шарада құрылыс компаниялары келген қонақтарға қазір салынып жатқан немесе болашақта тұрғызылатын үйлер жайлы ақпаратпен бөлісті. Негізінен үйлер Шымкентте үш түрлі санатта салынуда. Ол бизнес класс, комфорт және эконом класс санаттары. Клиент жағдайына қарай осы үшеудің ішінен біреуін таңдауға құқылы. Жәрмеңке барысында аталған санаттағы үйлерге жеке компаниялармен несиелік келісімшарт арқылы қол жеткізсе болады. Отбасы банкі мемлекеттік бағдарламалар бойынша да жұмыс жүргізеді. Соның бірі – «Бақытты отбасы» бағдарламасы. Жоба бойынша Шымкентке 400 пәтер қарастырылған. Бүгінгі күннің өзінде 257 азамат бағдарлама аясында баспаналы болып та үлгерді. Бұл бағдарламаның көмегімен мемлекет толық емес және көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың тезірек үйге қол жеткізуін көздейді. Үміткер пәтердің 10 пайыздық жарнасын алдын ала құяды және 20 жылға ипотекалық несие рәсімделеді. Клиенттер мемлекеттік «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша да үй құнының 10 пайызын алдын ала төлеп, бірінші нарықтан баспана алуға мүмкіндіктері бар. Мұнда үйдің ең жоғарғы құны 15 миллион теңгеден аспауға тиіс, – дейді «Отбасы банк» АҚ Шымкент қалалық филиалының директоры Дәурен Саудабаев.
Дәурен Мұратұлының айтуынша, биыл Шымкент қаласында 3,5 мың адам Отбасы банк арқылы өзінің тұрғын үй мәселесін жақсартқан. Қала тұрғындарының жалпы жинақ көлемі 90 миллиард теңгеге жеткен.
Ә. НҰРЖІГІТҰЛЫ
Елордада қаржы пирамидаларына қатысты 10 қылмыстық іс қозғалды
Елорда • Бүгін, 14:08
Депутат мектепке дейінгі білім беру саласындағы мәселені көтерді
Қазақстан • Бүгін, 13:57
Сенатор Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жұмысын сынға алды
Қазақстан • Бүгін, 13:42
Қызылордада 134 млн теңге бюджет қаржысы ұрланған
Аймақтар • Бүгін, 13:29
Лифтіде әйелін соққыға жыққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қоғам • Бүгін, 13:21
Ресейде соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды
Қазақстан • Бүгін, 13:09
Қазгеоақпарат және Қазгеология мекемелері біріктіріледі
Қоғам • Бүгін, 13:00
Шымкент полицейлері киберқылмыскерлердің тобын ұстады
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Алтын қорының 36 пайызы ШҚО-да шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жыл басынан бері салық түсімі 1,6 есе көбейді
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Елімізде темекі бағасы қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 12:24
Мемлекет басшысы Сенат төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 12:18
Ахмет Байтұрсынұлының туған үйін қайта жаңғырту жұмысы тоқтатылды
Аймақтар • Бүгін, 12:15
1 млрд теңге жымқырған шенеунік 7 жылға сотталды
Қазақстан • Бүгін, 12:06
Бірнеше өңірден жаңа кен орындарын іздеу басталды
Экология • Бүгін, 12:00
Мұнай мен газ қорының 75 пайызы Атырау облысында шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 11:53
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаттары марапатталды
Әдебиет • Бүгін, 11:45
Каспий жағалауында итбалықтар әлі де қырылып жатыр
Экология • Бүгін, 11:38
Қазақстанда 16 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 11:32
Қорғасын мен мырыштың жаңа кен орындары ашылуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 11:22
Қорғаныс министрлігі өзімен-өзі сөйлесетін сарбазға қатысты түсініктеме берді
Аймақтар • Бүгін, 11:16
Ақтөбеде есірткі сатқан полиция қызметкері ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:07
Әлемде 44 миллион адам аштық алдында тұр – БҰҰ
Әлем • Бүгін, 10:58
Тағы жеті қазақстандық коронавирусқа шалдыққан
Коронавирус • Бүгін, 10:46
Жарнама сайттары арқылы жоқ тауарды саудалаған екі алаяқ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін күреседі
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:28
Қазақстан-Қытай арасында радиоактивті қалдықтарды өткізбеуге қатысты заң қабылданды
Үкімет • Бүгін, 10:19
«Айнтрахт» Еуропа лигасының жеңімпазы атанды
Футбол • Бүгін, 10:08
Nickelodeon мультфильмдері қазақ тілінде көрсетіле бастады
Қоғам • Бүгін, 10:00
Ерден Әріпов Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылды
Қоғам • Бүгін, 09:57
Шымкентте тергеу изоляторындағы күдікті көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 09:48
Қаржы • Бүгін, 09:36
Түрік компаниясы Қазақстанда тері өңдеу зауытын салады
Қазақстан • Бүгін, 09:23
Қоғам • Бүгін, 09:00
Қоғам • Бүгін, 08:58
Телевизиялық байқау жеңімпаздары анықталды
Қазақстан • Бүгін, 08:57
Спорт • Бүгін, 08:55
Теннис • Бүгін, 08:54
Спорт • Бүгін, 08:53
Қоғам • Бүгін, 08:52
Ұқсас жаңалықтар