Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қызылорда қоғамдық телеарнасының құрылтайшысы, облыстық мәслихат депутаты Шаһизада Әбдікәрімов қаламдастарға қолдау танытқан азаматтарға алғысын айтса, ардагер журналистер Жолдасбек Ақсақалов пен Игорь Титенок аллея лентасын қиды. Жергілікті өнерпаздар театрландырылған қойылым көрсетті.
Осы күні Студенттер сарайында қала әкімі Ғанибек Қазантаев БАҚ өкілдерімен кездесіп, биылғы жазда өткен жүздесуде айтылған мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар жайлы тарата айтты. Журналистердің ұсыныс-пікірлері назарға алынып, арнайы іс-шаралар жоспары бекітілген.
– Маған елдің мұң-мұқтажын көтеріп жүрген журналистердің пікірі маңызды. Сондықтан да сіздермен тоқсан сайын кездесіп отыру дәстүрге айналды. Шаһар тіршілігіне қатысты тың бастамаларды жоспарлауда инфрақұрылым мен коммуналдық қызмет сапасын жақсарту, қаланы абаттандыру бағытындағы ұсыныс-пікірлеріңіз ескерілді, – деді қала басшысы.
Басқосуда әріптестеріміз аллея үшін алғыс айтып, ұсыныстарын ортаға салды. Шет аймақтардағы жол, қоғамдық көлік, қысқа дайындық, қала тазалығы қатысты мәселелерді көтерді. Қызылорда қоғамдық телеарнасының құрылтайшысы, ақын Шаһизада Әбдікәрімов жаңа аллеяны қаламгерлер бас қосатын орталығына айналдыру үшін арнайы шаралар өткізіп тұруды ұсынды.
Қызылорда