2014 жылғы 28 ақпан, Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2014 жылғы 28 ақпандағы № 166 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. «Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 қазандағы № 1036 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 54, 521-құжат):
тақырыбы мен кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Жобалау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру», «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:»;
1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Жобалау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
3, 4, 5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші):
1) мекенжайлары мен жұмыс кестелері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық);
2) www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) орталыққа немесе порталға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап лицензия беру және қайта ресімдеу үшін он бес жұмыс күнін, лицензияның телнұсқасын беру үшін екі жұмыс күнін құрайды (өтініш пен құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты – 15 минуттан аспайды;
3) жүгінген күні көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі жобалау қызметіне лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу және лицензияның телнұсқасын беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны алуға, қайта ресімдеуге және лицензияның телнұсқасын қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен және мөрмен куәландырылады.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
Лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 471-бабына сәйкес алынады және ол лицензия беру үшін 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) және лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын құрайды, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен аспайды.
Жобалау қызметіне лицензия алуға, қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқаларын беруге электрондық сұрау берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.»;
8-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы алынып тасталсын;
9-тармақта:
1) тармақша мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«құрылтайшыларының кемінде біреуінің жобалау саласында кемінде отыз жыл халықаралық тәжірибесі бар және бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерді жобалауды орындаған заңды тұлғалар үшін қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаның ұсынымдары;»;
4) тармақша мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік болмаған жағдайда ғана лицензияның телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.»;
7) тармақша мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші абзацтармен толықтырылсын:
«Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға орталық ұсынған нысан бойынша жазбаша келісім береді;
құжаттар орталық арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мыналарды:
сұратудың нөмірі мен қабылданған күнін;
сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрін;
қоса берілген құжаттардың саны мен атауларын;
құжаттардың берілетін күнін (уақытын) және орнын;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдап алған орталық қызметкерінің тегін, атын, әкесінің атын;
көрсетілетін қызметті алушының тегін, атын, әкесінің атын, көрсетілетін қызметті алушының өкілінің тегін, атын, әкесінің атын және олардың байланыс телефондарын көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.»;
10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Құжаттарды қабылдаудан бас тартылған жағдайда, орталық қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып, осы стандартқа 9-қосымшаға сәйкес қолхат береді.»;
16, 17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Денсаулық жағдайына байланысты орталыққа өзінің келу мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушыдан (қағаз жеткізгішті толтырған кезде) мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттарды қабылдауды орталықтың қызметкері көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің kds.gov.kz және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген мемлекеттік органның minregion.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
Орталықтардың мекенжайлары www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
18. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанындағы сұрау жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетіледі.»;
көрсетілген стандарт осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 9-қосымшамен толықтырылсын;
1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
3, 4, 5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші):
1) мекенжайлары мен жұмыс кестелері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық);
2) www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) орталыққа немесе порталға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап лицензия беру және қайта ресімдеу үшін он бес жұмыс күнін, лицензияның телнұсқасын беру үшін екі жұмыс күнін құрайды (өтініш пен құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты – 15 минуттан аспайды;
3) жүгінген күні көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу және лицензияның телнұсқасын беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны алуға, қайта ресімдеуге және лицензияның телнұсқасын қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен және мөрмен куәландырылады.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
Лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 471-бабына сәйкес алынады және ол лицензияны беру үшін 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) және лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын құрайды, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен аспайды.
Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия алуға, қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқаларын беруге электрондық сұрау берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.»;
8-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы алынып тасталсын;
9-тармақта:
4) тармақша мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік болмаған жағдайда ғана лицензияның телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.»;
7) тармақша мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші абзацтармен толықтырылсын:
«Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға орталық ұсынған нысан бойынша жазбаша келісім береді;
құжаттар орталық арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мыналарды:
сұратудың нөмірі мен қабылданған күнін;
сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрін;
қоса берілген құжаттардың саны мен атауларын;
құжаттардың берілетін күнін (уақытын) және орнын;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдап алған орталық қызметкерінің тегін, атын, әкесінің атын;
көрсетілетін қызметті алушының тегін, атын, әкесінің атын, көрсетілетін қызметті алушының өкілінің тегін, атын, әкесінің атын және олардың байланыс телефондарын көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.»;
10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Құжаттарды қабылдаудан бас тартылған жағдайда, орталық қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып, осы стандартқа 9-қосымшаға сәйкес қолхат береді.»;
16, 17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Денсаулық жағдайына байланысты орталыққа өзінің келу мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушыдан (қағаз жеткізгішті толтырған кезде) мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттарды қабылдауды орталықтың қызметкері көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің kds.gov.kz және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген мемлекеттік органның minregion.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
Орталықтардың мекенжайлары www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
18. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанындағы сұрау жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетіледі.»;
көрсетілген стандарт осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 9-қосымшамен толықтырылсын.
2. «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру», «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру», «Іздестіру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың телнұсқасын беру», «Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияларға телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтыру енгізу туралы» 2010 жылғы 7 қазандағы № 1036 және «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1128 қаулысында:
тақырыбы мен кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Іздестіру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру», «Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын ғимараттар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жобалау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру», «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2010 жылғы 7 қазандағы № 1036 және «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:»;
1) және 2) тармақшалар алынып тасталсын;
1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Іздестіру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
3, 4, 5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші):
1) мекенжайлары мен жұмыс кестелері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық);
2) www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) орталыққа немесе порталға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап лицензия беру және қайта ресімдеу үшін он бес жұмыс күнін, лицензияның телнұсқасын беру үшін екі жұмыс күнін құрайды (өтініш пен құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты – 15 минуттан аспайды;
3) жүгінген күні көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі іздестіру қызметіне лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу және лицензияның телнұсқасын беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны алуға, қайта ресімдеуге және лицензияның телнұсқасын қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен және мөрмен куәландырылады.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
Лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 471-бабына сәйкес алынады және ол лицензия беру үшін 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) және лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын құрайды, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен аспайды.
Іздестіру қызметіне лицензия алуға, қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқаларын беруге электрондық сұрау берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.»;
8-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы алынып тасталсын;
9-тармақта:
4) тармақша мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік болмаған жағдайда ғана лицензияның телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.»;
7) тармақша мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші абзацтармен толықтырылсын:
«Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға орталық ұсынған нысан бойынша жазбаша келісім береді;
құжаттар орталық арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мыналарды:
сұратудың нөмірі мен қабылданған күнін;
сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрін;
қоса берілген құжаттардың саны мен атауларын;
құжаттардың берілетін күнін (уақытын) және орнын;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдап алған орталық қызметкерінің тегін, атын, әкесінің атын;
көрсетілетін қызметті алушының тегін, атын, әкесінің атын, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегін, атын, әкесінің атын және олардың байланыс телефондарын көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.»;
10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Құжаттарды қабылдаудан бас тартылған жағдайда, орталық қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып, осы стандартқа 9-қосымшаға сәйкес қолхат береді.»;
16, 17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Денсаулық жағдайына байланысты орталыққа өзінің келу мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушыдан (қағаз жеткізгішті толтырған кезде) мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттарды қабылдауды орталықтың қызметкері көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің kds.gov.kz және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген мемлекеттік органның minregion.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
Орталықтардың мекенжайлары www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
18. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетіледі.»;
көрсетілген стандарт осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес 9-қосымшамен толықтырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияларға телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
3, 4, 5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші):
1) мекенжайлары мен жұмыс кестелері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық);
2) www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) орталыққа немесе порталға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап лицензия беру және қайта ресімдеу үшін он бес жұмыс күнін, лицензияның телнұсқасын беру үшін екі жұмыс күнін құрайды (өтініштер мен құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты – 15 минуттан аспайды;
3) жүгінген күні көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу және лицензияның телнұсқасын беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және қағаз түрінде
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны алуға, қайта ресімдеуге және лицензияның телнұсқасын қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен және мөрмен куәландырылады.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
Лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 471-бабына сәйкес алынады және ол лицензия беру үшін 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) және лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын құрайды, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен аспайды.
Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия алуға, қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқаларын беруге электрондық сұрау берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.»;
8-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы алынып тасталсын;
9-тармақта:
4) тармақша мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік болмаған жағдайда ғана лицензияның телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.»;
7) тармақша мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші абзацтармен толықтырылсын:
«Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға орталық ұсынған нысан бойынша жазбаша келісім береді;
құжаттар орталық арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мыналарды:
сұратудың нөмірі мен қабылданған күнін;
сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрін;
қоса берілген құжаттардың саны мен атауларын;
құжаттардың берілетін күнін (уақытын) және орнын;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдап алған орталық қызметкерінің тегін, атын, әкесінің атын;
көрсетілетін қызметті алушының тегін, атын, әкесінің атын, көрсетілетін қызметті алушының өкілінің тегін, атын, әкесінің атын және олардың байланыс телефондарын көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.»;
10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Құжаттарды қабылдаудан бас тартылған жағдайда, орталық қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып, осы стандартқа 9-қосымшаға сәйкес қолхат береді.»;
16, 17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Денсаулық жағдайына байланысты орталыққа өзінің келу мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушыдан (қағаз жеткізгішті толтырған кезде) мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттарды қабылдауды орталықтың қызметкері көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің kds.gov.kz және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген мемлекеттік органның minregion.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
Орталықтардың мекенжайлары www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
18. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетіледі.»;
көрсетілген стандарт осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес 9-қосымшамен толықтырылсын.
3. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 ақпандағы № 89 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 14, 225-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарында және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінде:
«Жобалау қызметі» деген 2-бөлімнің 2.3-кіші бөлімінің 2-бағанында:
2) жол мынадай редакцияда жазылсын:
«заңды тұлға үшін – штатында жобалау қызметі саласында тиісті жоғары кәсіптік білімі, лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша кемінде бес жыл еңбек өтілі (еңбек қызметі) немесе жобалау қызметі саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімі, лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша кемінде жеті жыл еңбек өтілі (еңбек қызметі) бар кемінде бір инженер-техник қызметкердің, сондай-ақ жауапты орындаушыларда сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы.
Құрылтайшыларының кемінде біреуінің жобалау саласында кемінде отыз жыл халықаралық тәжірибесі бар және бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерді жобалауды орындаған заңды тұлғалар үшін жауапты орындаушыларда сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы туралы талап қолданылмайды»;
6) жол мынадай редакцияда жазылсын:
«жауапты инженер-техник қызметкердің оқудан өткенін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша өтініш беруші (лицензиат) бекіткен қағидалардың және нұсқаулықтардың болуы.
Құрылтайшыларының кемінде біреуінің жобалау саласында кемінде отыз жыл халықаралық тәжірибесі бар және бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерді жобалауды орындаған заңды тұлғалар үшін жауапты инженер-техник қызметкердің оқудан өткенін растайтын құжаттардың болуы туралы талап қолданылмайды»;
7) жол мынадай редакцияда жазылсын:
«лицензиаттың кемiнде он жыл не Қазақстан Республикасының аумағында теңіз мұнай-газ жобалары үшін жобалау қызметiн (жобалау бөлiгiнде жобалау-iздестiру қызметiн) жүзеге асырған тұлғалар үшін кемінде жеті жыл жұмыс тәжiрибесi не II санаттағы лицензиат ретiнде кемiнде бес жыл жұмыс тәжiрибесi.
Жұмыс тәжiрибесi лицензияны алған күннен бастап есептеледі.
Шетелдiк тұлғалар үшiн жұмыс тәжiрибесi ретінде жобалау қызметiн (жобалау бөлiгiнде жобалау-iздестiру қызметiн) жүзеге асыруға тең келетiн рұқсат беру құжаты есепке алынады.
Құрылтайшыларының кемінде біреуінің жобалау саласында кемінде отыз жыл халықаралық тәжірибесі бар және бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерді жобалауды орындаған заңды тұлғалар үшін алты жыл жұмыс тәжiрибесi.»;
3-бағанның 7) жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«лицензияның немесе «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті расталуы бар шет мемлекеттің тиісті ресми рұқсат беру құжатының көшірмесі.
Құрылтайшыларының кемінде біреуінің жобалау саласында кемінде отыз жыл халықаралық тәжірибесі бар және бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерді жобалауды орындаған заңды тұлғалар үшін қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаның ұсынымдары.»;
2-бағанда:
8) жол мынадай редакцияда жазылсын:
«құжаттамалық растауды (объектіні пайдалануға беру туралы қол қойылған актілердің көшірмелерін) ұсына отырып, бас мердігер ретінде бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейінде кемінде он іске асырылған құрылыс объектілерінің болуы не лицензиат қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыстар орындаған, құжаттамалық растауды (орындалған жұмыстардың қол қойылған актілерінің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейіндегі кемінде жиырма объектінің болуы.
Құрылтайшыларының кемінде біреуінің жобалау саласында кемінде отыз жыл халықаралық тәжірибесі бар және бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерді жобалауды орындаған заңды тұлғалар үшін бұл талап қолданылмайды.»;
9) жол мынадай редакцияда жазылсын:
«бас мердігер ретінде іске асырылған құрылыс объектілері бойынша тапсырыс берушілерден және/немесе пайдаланушы тұлғалардан кемінде бес оң пікірдің не қосалқы мердігерлік шарттар бойынша кемінде он пікірдің не тапсырыс берушілерден және/немесе пайдаланушы тұлғалардан пікірлер алу мүмкін болмаған жағдайда мүдделі жергілікті атқарушы органдардан оң пікірдің болуы.
Құрылтайшыларының кемінде біреуінің жобалау саласында кемінде отыз жыл халықаралық тәжірибесі бар және бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерді жобалауды орындаған заңды тұлғалар үшін бұл талап қолданылмайды.»;
10) жол мынадай редакцияда жазылсын:
«лицензиаттың қызметін қоса атқарып жүрген инженерлік-техникалық қызметкерлердің жалпы санының 20 %-ынан артық болмауы.
Құрылтайшыларының кемінде біреуінің жобалау саласында кемінде отыз жыл халықаралық тәжірибесі бар және бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерді жобалауды орындаған заңды тұлғалар үшін бұл талап қолданылмайды.».
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2014 жылғы 28 ақпандағы №166 қаулысына 1-қосымша
«Жобалау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 9-қосымша
нысан
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, бар болса –
әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.) ұйымының атауы)
____________________________________________
(көрсетілетін қызмет алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының № __ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетілсін) құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) _______________________________;
2) _______________________________;
3) ...
ұсынбауыңызға байланысты бас тартады.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.
Аты-жөні (ХҚО қызметкері) (қолы)
Орындаушы:Т.А.Ә._______________________
Телефоны ________________________
Алдым: Т.А.Ә./ көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ж. «__» _________
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 28 ақпандағы №166 қаулысына 2-қосымша
«Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 9-қосымша
нысан
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, бар болса –
әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.) ұйымының атауы)
____________________________________________
(көрсетілетін қызмет алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының № __ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетілсін) құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) _______________________________;
2) _______________________________;
3) ...
ұсынбауыңызға байланысты бас тартады.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.
Аты-жөні (ХҚО қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә.________________________
Телефоны____________________
Алдым: Т.А.Ә./ көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ж. «__» _________
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 28 ақпандағы №166 қаулысына 3-қосымша
Іздестіру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын