Оқиға • 06 Желтоқсан, 2021

ШҚО-да 175 тонна шөп өртеніп кетті

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында 175 тонна шөп өртеніп кетті, деп жазады Egemen.kz.

ШҚО-да 175 тонна шөп өртеніп кетті

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Тарбағатай ауданында құтқарушылар өртенген шөпті сөндірген.

«Өрт түнде Екпін ауылындағы шаруа қожалықтарының бірінде шыққан. Тілсіз жау 175 тонна пішенді шарпыды. Отты ауыздықтауға жеке құрамнан 8 адам, 3 өрт сөндіру көлігі мен шаруа қожалығынан 1 трактор жұмылдырылған. Бүгін сағат 7.52-де өрт оқшауланды», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта мамандар оқиға орнында жұмыс істеп, тілсіз жаудың қайдан, қалай шыққаны туралы анықтап жатыр.