Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласында Тәуелсіздіктің үшінші онжылдығының басында Қазақстан ресурстар мен тәжірибе жинақтап, экономикалық жаңғыртуды, инфрақұрылымды жаңартуды және шикізаттық тәуелділіктен алшақтауды жүзеге асыра бастағанын атап өтеді. Осы күрделі міндетті шешу процесінде жаңғыруға жол ашатын ресурстарды жинақтаудың негізгі құралына айналған Қазақстанның Ұлттық қоры маңызды рөл атқарады.

Тұңғыш Президент «Қамданған қапы қалмайды» деп атап өткендей, расымен, Елбасының «Ертеңін ойлаған ел ғана озады. Болашақ ұрпағымыз ештеңеден тарылмауы үшін Ұлттық қор мен алтын-валюта қорын жасақтап, оған мол қаржы жинақтадық. Дәл осы мол қаражат пандемия кезінде бізге көмек болды» дегенімен келіспеуге болмас.
Қазақстанның Ұлттық қоры әлемдік мықты дағдарыстардың ең қиын кезеңдерінің өзінде және әлемдік нарықтардағы тұрақсыздық жағдайында оның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып, ел экономикасын басқару жүйесінің маңызды элементіне айналды. Қор Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 23 тамыздағы Жарлығымен құрылды, 2001 жылғы қаңтарда оған алғашқы қаражат түсті, сол кезде Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес құрылды. Қордың құрылуы тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығында Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев жүргізген негізгі экономикалық реформалардың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болды.
Құрылған кезде Ұлттық қор кем дегенде ТМД елдері мен жалпы постсоциалистік мемлекеттер арасындағы бірегей институт сипатында болады. Ол кезде егеменді әл-ауқат қорларын құру тәжірибесі кең таралмаған болатын және мұндай профильдегі қолданыстағы институттардың функциялары біршама өзгеше еді. Сонымен қатар бірінші кезекте болашақ ұрпақ үшін табиғи рентадан ақша жинауды болжады. Қазақстанның осы жинақтау ғана емес, сонымен қатар тұрақтандыру функциясы бар Ұлттық қоры әлемдік нарықтардағы өсіп келе жатқан турбуленттіліктің күрделі жағдайларында экономиканы реттеудің озық, өзекті және өте уақтылы құралына айналды.
Қалыптасуының негізгі көзі мұнай кәсіпорындарының салықтары болған Ұлттық қор тез толықтырылып, қарқынды түрде өсті. Егер бірінші жылдың соңында (2001) оның көлемі 1 240 млн болса, он жылдан кейін ол 25 есе өсіп, шамамен 31 млрд жинақталды. Қордың ресурстары 2008-2009 жылдардағы жаһандық қаржы дағдарысы кезінде экономиканы тұрақтандыру үшін белсенді пайдаланылғанына қарамастан өсіп отырды. Қор активтерінің ең жоғары көлемі 2014 жылғы тамызда байқалды, ол кезде 77 млрд қаражат жинақталған болатын. Бұл сол жылдың ІЖӨ-нің 35%-на тең болды.
Ұлттық қорды қалыптастыру және жұмсау контрциклдік қағидат бойынша жүзеге асырылады. Яғни қолайлы жағдай кезеңінде ол әлемдік нарықтардағы жоғары бағалардан едәуір кіріс алатын мұнай секторынан түсетін ірі салық түсімдері есебінен толықтырылады, ал күрделі кезеңдерде қордың қаражаты сыртқы дағдарыс факторларының әсерін бейтараптандыру үшін экономиканы жоғары көлемде қолдауға жұмсалады. Соңғы жылдары әлемдік нарықтардағы дағдарыстық құбылыстар жиілеп, күшейе түсті, ал шикізаттың әлемдік бағасы салыстырмалы түрде төмен деңгейде қалып отырғандықтан, Ұлттық қордың қаражаты азая бастады. Жалпы, бұл қалыпты жағдай, өйткені қордың басты міндеті – экономиканы тұрақтандыру және елде экономикалық дағдарыстардың туындауына жол бермеу. Ол үшін «қиын жылдары» жинақталған қаражатты жұмсау талап етіледі.
Экономикадағы жағдай тұрақтанған сайын Ұлттық қордан бюджетке трансферттер азаяды, әлемдік нарықтардағы бағаның өсуі түсімдердің өсуіне әкеледі және қор қайтадан өсе бастайды.
Сонымен қатар қордың жинақтау функциясы, оның міндеті болашақ ұрпақ үшін ақша жинақтау құралы болу да басым бағыт болып қала береді, сондықтан тұрақтандыру мақсаттарына қаржы ресурстарын жұмсау нормативтік шектеулерге ие. Олар ерекше құжатпен – Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасымен белгіленген және қордан түсетін трансферттерді оның төмендетілмейтін қалдығы ІЖӨ-нің 30%-ынан кем болмайтындай етіп шектейді. Осылайша, қор көлемін жеткілікті жоғары деңгейде сақтау қамтамасыз етіледі, бұл оған алдағы уақытта да ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның ұлттық экономикасын қолдау және дамыту функциясын орындауға мүмкіндік береді.
Вячеслав ДОДОНОВ,
экономика ғылымдарының докторы, Президент жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері
Елімізде «Алтын сақа» балалар әдебиеті шығармаларының байқауы өтеді
Қоғам • Бүгін, 18:27
Қазақстан елшісіне Жапония Императорының «Күншығыс» ордені табысталды
Қазақстан • Бүгін, 18:02
Қарағандыда 3 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 17:47
Елордада шекарашылардың құрметіне ескерткіш орнатылды
Елорда • Бүгін, 17:37
Бестөбедегі шахтада тағы бір адам көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Дархан Қыдырәлі Қазақстанның Мароккодағы елшісімен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 17:04
Алтын құймалар көп сатылатын қалалар аталды
Қоғам • Бүгін, 16:58
Қостанай облысында судья пара алу кезінде ұсталды
Оқиға • Бүгін, 16:47
Магистратураға түскендер тізімі қашан жарияланады
Білім • Бүгін, 16:35
Президент «Шевронның» бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 16:27
Қостанайда бюджеттен ақша жымқырғандар сотталды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Кабулдағы теракт кезінде 21 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 16:01
Экономика • Бүгін, 15:50
Жойылып кеткен тасманиялық жолбарыс қайта тірілуі мүмкін
Ғылым • Бүгін, 15:16
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға ресми сапармен барады
Президент • Бүгін, 15:05
Президент Сочи қаласына жұмыс сапарымен барады
Президент • Бүгін, 14:59
Қазақстандықтардың цифрлық сауаттылық деңгейі артты
Қазақстан • Бүгін, 14:47
Атырауда екі жасөспірімді көлік қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:30
Шығыс Қазақстан облысында қар жауды
Аймақтар • Бүгін, 14:17
Қызын грантқа түсірмек болған әйел 1 млн теңгесінен айырылды
Оқиға • Бүгін, 14:00
Қайсар Алпысбай Ислам ойындарында алтын медаль иеленді
Спорт • Бүгін, 13:21
Кіші Талдыкөлге ағаш отырғызылады
Елорда • Бүгін, 13:01
Балалар жәрмеңкесіне 10 мыңнан астам елордалық барды
Елорда • Бүгін, 12:50
Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Қос азаматтығы бар әйел елден шығарылды
Қоғам • Бүгін, 12:20
Алжирдегі орман өрті 26 адамның өмірін қиды
Әлем • Бүгін, 12:08
Камералар анықтайды: Елордада жерге түкіргендер жазаланады
Елорда • Бүгін, 11:53
Бүгінгі доллар бағамы белгіленді
Қаржы • Бүгін, 11:39
Мемлекеттік басқару академиясы оқу гранттары иегерлерінің тізімін жариялады
Білім • Бүгін, 11:22
Кеңсе тауарларының бағасы шарықтап барады
Қоғам • Бүгін, 11:08
Жетісу облысындағы Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы тағайындалды
Аймақтар • Бүгін, 11:02
Елордадағы жаңа көпірде автобус бағыты іске қосылды
Елорда • Бүгін, 10:53
Рыбакина Цинциннати турнирінің үшінші айналымына шықты
Теннис • Бүгін, 10:30
Елімізде 622 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды
Қоғам • Бүгін, 10:17
БҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03
Еліміздің бірнеше өңірінде үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:43
Данилина Цинциннати турнирінің екінші айналымына шықты
Теннис • Бүгін, 09:28
Вакцина салдырғандар саны артты
Коронавирус • Бүгін, 09:17
1227 қазақстандық індеттен сауықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Өткен тәулікте 1169 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:01
Ұқсас жаңалықтар