Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2021

ШҚО-да 300 тоннаға жуық шөп өртеніп жатыр

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында 300 тоннаға жуық пішен өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да 300 тоннаға жуық шөп өртеніп жатыр

ШҚО төтенше жағдайлар баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Жарма ауданы Үшбиік ауылында орналасқан шаруа қожалығының аумағында пішен отқа оранды.

«Қызыл жалын жалпы салмағы 280 тоннаға жететін 800 орама пішенді шарпыды. Тілсіз жауды ауыздықтауға 9 өрт сөндіруші мен 2 техника, жергілікті атқарушы органнан 5 адам мен 5 трактор және тірек пунктінің бір техникасы жұмылдырылған. Өрттің шығу себебі әлі анықталған жоқ», деп хабарлады ведомство өкілдері.

 

Соңғы жаңалықтар