Оқиға • 07 Желтоқсан, 2021

Елордада қар тазалайтын көлік адам басып кетті

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

65 жастағы астаналықты қар тазалап жатқан шағын көлік басып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада қар тазалайтын көлік адам басып кетті

«7 желтоқсан сағат 15:45 шамасында шағын қар тазалайтын көлік жүргізушісі Тілендиев даңғылының бойында қар тазалау барысында артқа шегінгенде жаяу жүргіншілер жолында келе жатқан 65 жастағы әйелді басып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел оқиға орнында қаза тапты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», делінген қалалық полиция департаменті таратқан хабарламада.