Әлем • 08 Желтоқсан, 2021

Аустралия Бейжің Олимпиадасына дипломатиялық бойкот жариялады

630 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аустралия 2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына АҚШ жариялаған дипломатиялық бойкотқа қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аустралия Бейжің Олимпиадасына дипломатиялық бойкот жариялады

Бұл туралы The Sydney Morning Herald сайты жазады.

Аустралия премьер-министрі Скотт Моррисон Сиднейдегі баспасөз мәслихатында Аустралия атынан ресми өкілдер қысқы Олимпиада ойындарына қатыспайтынын түсіндірді. Сонымен қатар, ел намысын қорғайтын құрамасы басында жоспарланғандай спорттық іс-шараға қатысады.

Моррисонның айтуынша, бойкот туралы шешімді үкімет Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы болжамды адам құқықтарының бұзылуына, сондай-ақ, Қытайдың Аустралияның ішкі істеріне араласуына қатысты бірқатар басқа мәселелерге байланысты қабылдаған. Сондай-ақ, Бейжіңнің Аустралияға қарсы сауда санкцияларына да назар аударды.

Еске салайық, 6 желтоқсанда АҚШ Бейжіңдегі 2022 жылғы Олимпиадаға дипломатиялық бойкот жариялады, бұл ресми тұлғалардың ойындарға барудан бас тартуын білдіреді. АҚШ-тан кейін Жаңа Зеландия билігі XXIV қысқы Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартты.