Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қызылорда облысында болып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты. Мәулен Әшімбаев облыс тұрғындары алдында сөз сөйлеп, Қазақстанның өткен кезеңдегі негізгі жетістіктеріне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Тәуелсіздік жылдарында біздің мемлекеттілігіміз толық қалыптасты. Іргеміз бекіп, шекарамыз біржола шегенделді. Мемлекеттік институттардың берік негізі қаланды. Ескірген жоспарлы экономикадан уақыт талабына сай жаңа экономикалық модельге көштік және оны нығайта түстік», деді Сенат Төрағасы.
Ол сондай-ақ Қазақстанның халықаралық қоғамдастықтың толыққанды және ықпалды мүшесіне айналғанын атап өтті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының арқасында еліміздің орталығында мүлдем жаңа – Нұр-Сұлтан қаласы салынды. Елорданың салынуы еліміздің бүкіл экономикасы мен өңірлердің дамуына серпінді әсер етті. Мәулен Әшімбаев осы жылдар ішінде Қызылорда облысы да қарқынды дамып, қазір маңызды индустриялық және аграрлық өңірге айналғанын тілге тиек етті. Сенат Төрағасы Арал проблемасын шешу мәселесіне де назар аударды.
«Тек Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана Арал проблемасына шынайы мән беріле бастады. Тұңғыш Президентіміздің ұсынысымен «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасы қолға алынды. Осының нәтижесінде Солтүстік Аралдың арнасы толып, көптеген биологиялық түрлер қалпына келгені бәріміз үшін үлкен қуаныш», деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.
Сондай-ақ Сенат Төрағасы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда саяси, әлеуметтік және экономикалық реформалардың жаңа кезеңі басталғанын айтты.
«Президентіміздің тапсырмасы бойынша мемлекеттік басқару саласында жүйелі реформалар жүзеге асуда. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасы негізгі қағидаға айналды. Жергілікті өкілді және атқарушы биліктің дербестігін арттыру үшін маңызды қадамдар жасалды. Биыл тұңғыш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтті. Бұл өзгеріс халықтың жергілікті билікті жасақтауға тікелей ықпал етуіне жол ашты», деді Сенат Төрағасы.
Мәулен Әшімбаев сондай-ақ ел Президентінің өңірлерді дамытуға ерекше назар аударып отырғанын айтты. Мемлекет басшысы биылғы қазан айында 10 ұлттық жобаны бекіткен болатын. Олардың қатарында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» арнайы жобасы да бар.
«Бес жыл ішінде Өңірлерді дамыту бойынша ұлттық жобаны іске асыруға айтарлықтай қаражат бөлінеді деп жоспарлануда. Еліміздің «ішкі байланысын» күшейту міндеті жүктеліп отыр. Ішкі көлік желісін дамыту үшін республикалық маңызы бар және жергілікті маңызға ие жолдар салынып, қайта жаңғыртылады. Бұл Сыр елінің көлік-логистикалық әлеуетін одан әрі арттыра түсетіні сөзсіз», – деді Мәулен Әшімбаев.
Салтанатты шара барысында Сенат Төрағасы ел Президентінің атынан еліміздің және өңірдің дамуына ерекше үлес қосқан қызылордалықтарға мемлекеттік наградаларды табыс етті.
Өңірге сапары барысында Мәулен Әшімбаев Қызылорда қаласында табақ шыны өндіру және өңдеу зауытын іске қосу рәсіміне қатысты. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша, Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында іске қосылған бұл кәсіпорынның өңір үшін маңызы зор әрі аймақ экономикасына оң әсер етуге тиіс.
«Жергілікті шикізаттың 90 пайызы шыны өндірісінде пайдаланылады. Сода күлі шыны құнының 80 пайызын құрайтын негізгі бөлік. Сондықтан Арал қаласында салынатын сода зауыты кәсіпорынның басты жабдықтаушысы болады. Шыны зауыты толық қуатымен жұмыс істеген кезде 226 жаңа жұмыс орны ашылады, қосалқы өндірістерде 300-ге жуық тұрақты жұмыс орны іске қосылады, біз бірінші кезекте жергілікті мамандарға басымдық береміз», деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Мәулен Әшімбаев сонымен қатар, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған 50 пәтерлі тұрғын үйдің кілтін тапсыру рәсіміне және спорттық-сауықтыру кешенінің ашылуына қатысты.
«Тәуелсіздіктің 30 жылдығы – еліміз үшін маңызды меже, айтулы белес. Қазақстан бұл кезеңге ірі жетістіктермен жетіп отыр. Ал, ендігі міндет – барымызды бағалап, жеңісті жолымызды жалғау. Біз әрдайым Тәуелсіздігімізді сақтауға, қорғауға және нығайтуға күш салуымыз қажет. Ол үшін татулығымыз берік, бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болуға тиіс. Осы бағытта бәріміз жұмылып, нәтижелі еңбек ете береміз деп сенемін», деген Мәулен Әшімбаев қызылордалықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, оларға бақ-береке тіледі.
Елордада жаңа оқу жылында 11 мектеп ашылады
Елорда • Бүгін, 19:01
Қостанай облысында жоғалған 5 жасар қыздың денесі табылды
Оқиға • Бүгін, 18:25
Бағдат Мусин «Байқоңыр» кешенінде туризмді дамытуды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 18:20
Сырдария өзенінің сағасы қалпына келтіріледі
Экология • Бүгін, 17:51
Жарты жылда Қазақстаннан 12 мыңнан астам адам көшіп кетті
Қоғам • Бүгін, 17:41
Жапония үкіметі отставкаға кетті
Әлем • Бүгін, 17:36
Елордада зиялы қауым өкілдері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Абай • Бүгін, 17:28
Мемлекет басшысы ANTIKOR төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:20
Елордада ерекше баласы бар отбасыларға арналған орталық ашылды
Елорда • Бүгін, 17:13
Өскемен турнирінде қазақстандық теннисшілер өзара кездеседі
Теннис • Бүгін, 17:03
Елорда көшелерін тағы да су басты
Оқиға • Бүгін, 16:50
Қазақстандықтар 236 мың адамға көбейді
Қазақстан • Бүгін, 16:42
Еліміздегі алтын-валюта активтерінің көлемі артты
Экономика • Бүгін, 16:30
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 16:27
Елордада қаржы пирамидасын ұйымдастырған күдікті қамалды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Білім • Бүгін, 16:05
Қаржы • Бүгін, 15:58
Ұлттық банк теңге бағамына қандай факторлар әсер еткенін түсіндірді
Экономика • Бүгін, 15:42
СҚО-да 600-ге жуық ұстаз жетіспейді
Қоғам • Бүгін, 15:33
Бүгін футболдан UEFA Суперкубогы өтеді
Футбол • Бүгін, 15:27
Әзербайжанда «Қазақ прозасы» антологиясы жарық көрді
Әдебиет • Бүгін, 15:18
Майамиден Ыстанбұлға бағытталған ұшақта жолаушы қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 15:07
Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 14:59
Мәулен Әшімбаев: Абайдың тағылымы мол мұрасы қашанда қымбат қазына
Руханият • Бүгін, 14:50
Алматы тауларында адасқан шетел азаматы табылды
Аймақтар • Бүгін, 14:43
БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Қазақстанға ресми сапармен келеді
Қазақстан • Бүгін, 14:33
Қазақстан-Эстония әйелдер құрамасының матчы Қарағандыда өтеді
Спорт • Бүгін, 14:25
Қостанайда жоғалған 5 жасар қыз әлі іздестіріліп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 14:16
Тамызда өтетін Ұлттық біріңғай тестілеу басталды
Білім • Бүгін, 14:06
Ұзынағаштағы атысқа қатысты күдіктілерге іздеу жарияланды
Оқиға • Бүгін, 13:38
Абай • Бүгін, 13:10
Алматы облысындағы сарбаз өлімі: оқиға орнынан суреттер жарияланды
Оқиға • Бүгін, 12:52
Заңгер Бұрхан Жансейітов уақытша ұстау изоляторына қамалды
Қоғам • Бүгін, 12:43
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 12:30
Беларусьта коронавирустың жаңа штамы анықталды
Коронавирус • Бүгін, 12:22
Алматы облысында «Абайдың ақын ұлдары» кітабының тұсаукесері өтті
Руханият • Бүгін, 12:17
БҚО-да жол апатынан екі адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 12:05
Жансая Әбдімәлік Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында қола медаль алды
Спорт • Бүгін, 11:59
Twitter Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми аккаунтын бұғаттады
Оқиға • Бүгін, 11:42
Елімізде республикалық «Жас өрен» байқауы өтеді
Қоғам • Бүгін, 11:38
Ұқсас жаңалықтар