Әлем • 09 Желтоқсан, 2021

Министр: Жаңа штамды жұқтырғандардың саны миллионнан асуы ықтимал

1437 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбританияда «омикрон» коронавирус штамымен ауырғандардың саны желтоқсанның аяғында миллионнан асуы мүмкін. Денсаулық сақтау министрі Саджид Джавид парламентте сөйлеген сөзінде осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министр: Жаңа штамды жұқтырғандардың саны миллионнан асуы ықтимал

Оның айтуынша, Ұлыбританияда «омикрон» штамы расталған 568 жағдай тіркелген, бірақ дертке шалдыққандардың нақты саны бейресми деректерде айтарлықтай жоғары. Ұлыбританияның Денсаулық сақтау агенттігінің (UKSA) мәліметтері бойынша, инфекция жұқтырғандардың саны расталған жағдайлардың санынан шамамен 20 есеге көп, яғни, 10 мыңға жуық.

«UKHSA қазіргі байқалған қарқынды бағалап, осы айдың аяғында дертті жұқтырғандардың саны миллионнан асуы мүмкін деп есептейді»,  деді Джавид.