«Қазақтелеком» Түркістанда 5G базалық станциясын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан қаласы бүгін ресми түрде 5G жүйесіне қосылды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай үйлестірілген ауқымды жобаны «Kcell» және «Ericsson» компаниясы бірлесе жүзеге асырды. Бүгін «KUN» қонақ үйінде аталған жүйенің базалық станциясын орнату рәсімі өтіп, арнайы баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды.
Жиында «Қазақтелеком» АҚ басқарма мүшесі Тимур Құдайбердиев Түркістан қаласының даму деңгейі, өңірдегі оң өзгерістер осы игі істі қолға алуға себеп болғанын атап өтті.
5G желісін іске қосу үшін Түркістан қаласы кездейсоқ таңдалған жоқ. Бұл цифрландыру мен цифрлық трансформацияның алдыңғы қатарында тұрған аймақ. Бизнес пен мемлекеттің бірлескен жұмысының арқасында бұл жоба сәтті аяқталды. Осы ретте облыс әкімі Өмірзақ Естайұлына, «Kcell» және «Ericsson» компанияларына алғысымды айтқым келеді. Жобаны жүзеге асыруға қолдау білдірді. Нәтижесінде Түркістан Қазақстан бойынша қалалық ауқымда 5G жүйесіне қосылған алғашқы шаһар атанып отыр.
5G жүйесі «ақылды қала» тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл дегеніңіз тек жоғары жылдамдықты ғаламтор емес, дамудың жаңа сатысы деген сөз. Осы жүйе арқылы облыстың денсаулық сақтау, білім, ауыл шаруашылығы және өнеркәсібіне жоғары технологияларды енгізуге болады. Аталған өзгерістер Түркістан облысының дамуына серпін береді. Түркістан қаласы оңтүстік өңірінде ғана емес, республика бойынша 5G жүйесін енгізу бойынша көшбасшы атанып отыр», деген ол Түркістан облысы әкімінің орынбасары Рашид Аюповқа «Қазақтелеком» АҚ атынан арнайы естелік статуэтканы табыстады.
Өз кезегінде Рашид Аюпов Түркістанды саяси, тарихи-мәдени орталық ғана емес, технологиясы дамыған шаһар ету жолында жұмыс жүріп жатқанын мәлімдеді. «Алдымен баршаңызды Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесімен құттықтаймын. Осыдан 3 жыл бұрын Елбасы Жарлығымен Түркістан облысы құрылып, Түркістан қаласы жалпұлттық жобаға айналды. Өңірлер, ірі компаниялар Түркістанның құрылысына үлес қосты. Біз қаланың тарихи келбетін сақтай отырып, оны жаңарту жоспарын қойдық. Осы бағытта жұмыс жүріп жатыр. Биыл жазда «Қазақтелеком» және «Kcell» компанияларымен келіссөз жүргізіліп, арнайы меморандум жасалды. Міне, сол келісім қысқа уақытта жүзеге асты. Түркістанның ең стратегиялық маңызды орындары мен тұрғындар тығыз қоныстанған бөлігіне 5G жүйесі енгізіліп, оның игілігін ел көретін болады», деді облыс әкімінің орынбасары.
«Ericsson» компаниясының Шығыс Еуропа және Орталық Азия өңіріндегі радио және көлік желілерін дамыту жөніндегі вице-президенті Анатолий Ильяич түркістандықтарды тарихи сәтпен құттықтады. «Ericsson» компаниясы Қазақстанда 120 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істейді. 1989 жылы Семейде 48 абонентке арналған ең алғашқы «Ericsson» телефон коммутаторы орнатылды. Біз Қазақстандағы телефон байланысының бастауында тұрмыз және әрбір жаңа технологияның, соның ішінде ұялы байланыстың да Қазақстанға бізбен бірге келгенін мақтан тұтамыз. 5G жүйесі өңірдің дамуын жаңа сатыға көтереді», деді ол.
Ал «Kcell» АҚ бас атқарушы директоры Юрий Харламов бүгінде Түркістан қаласының бүкіл тарихи әрі маңызды орталығын қамтитын 8 сыртқы станция дайындалып, толық жұмыс істеп тұр. Атап айтсақ, қала әкімдігі, «Конгресс Холл» сарайы, «Түркістан Арена» стадионы, автовокзал, «Фараб» кітапханасы, «Батыр» жастар сарайы және өзге нысандар жүйеге енгізілген. Алдағы уақыт әуежай, «Kcell» абоненттік бөлімі, «Rixos» қонақ үйі сияқты маңызды туристік нысандарда 5G жүйесін орнату жоспарланған.
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
72 жастағы қария Ұлытаудан Павлодарға дейін жаяу жүрген
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Жеті жасар қазақстандық шахматшы ФИДЕ-нің әлем чемпионы атанды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар