Коронавирус • 10 Желтоқсан, 2021

Сарапшылар пандемияның қашан аяқталатынын болжады

461 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

JPMorgan Chase Global Research сарапшылары коронавирустық пандемияның қашан аяқталатынын және 2022 жылы әлемдік экономиканың толық қалпына келетінін болжады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сарапшылар пандемияның қашан аяқталатынын болжады

Мамандардың пікірінше, жаңа вакциналар мен терапевтік агенттердің құрылуы «циклдік қалпына келтіруге және жаһандық ұтқырлықтың оралуына, сондай-ақ тұтынушылар тарапынан жинақталған сұраныстың босатылуына» әкеледі.

«Бұл болжам халық арасында ұжымдық иммунитеттің жетілуіне, сондай-ақ адамның тапқырлығына байланысты», деп атап өтті JP Morgan Банкінің жетекші талдаушысы Марко Коланович.

Сонымен қатар сарапшы жаңа жылда Еуропа мен Азиядағы геосаяси шиеленістің күшеюі, энергетикалық дағдарыс, инфляция деңгейіне қатысты белгісіздік және ақша-кредит саясатын қалыпқа келтіру сияқты инвесторлар үшін ықтимал тәуекелдер туралы ескертті.

Бұған дейін Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс 2022 жылы covid-19 пандемиясының өткір кезеңінің аяқталатынын болжаған болатын.