Спорт • 12 Желтоқсан, 2021

Қазақстандық спортшылар елордалық студенттерге дене шынықтыру сабағын өткізді

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атақты қазақстандық спортшылар елордалық колледждердің бірінің студенттерімен жаттығу өткізді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық спортшылар елордалық студенттерге дене шынықтыру сабағын өткізді

Спорттық кездесуді №3 қалалық емхананың «Жас толқын» жастар денсаулық орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Кәсіптік–техникалық колледжі КММ бірлесіп ұйымдастырды. 

Шақырылған қонақтар арасында қазақстандық спортшылар одағының төрағасы Азамат Қарлығашев, еркін күрестен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Гузель Манюрова, ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Светлана Подобедова, көркем гимнастикадан 2011 жылғы Азия чемпионы Анна Алябьева, екі қол күресі бойынша Қазақстан чемпионы Айтым Жақыпов болды. Оның ішінде белгілі спортшылар Дәурен Елеусінов, Қанат Әбутәліпов және Сергей Цырульников те бар.

Жаттығудан кейін студенттер 5 командаға бөлініп, «көңілді» старттарға қатысты. 

Төрешілер қорытынды шығарып жатқанда, эстафетаға қатысушылар мен көрермендер арасында би жарысы өтті.