Елбасы • 13 Желтоқсан, 2021

Нұрсұлтан Назарбаев жазушы Дулат Исабековпен кездесті

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев жазушы Дулат Исабековпен кездесті

Кездесуде еліміздегі мәдениет саласының даму мәселелері талқыланды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Дулат Исабековтің Қазақстанға сіңірген еңбегін атап өтіп, мемлекеттік марапатқа ие болуымен құттықтады. 

Өз кезегінде Дулат Исабеков Нұрсұлтан Назарбаевқа  мәдениет қызметкерлерін әрдайым қолдап келе жатқаны үшін алғыс айтып, ең басты мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.