Әлем • 14 Желтоқсан, 2021

EXPO-2020 қонағы Қазақстанға туристік жолдама ұтып алды

530 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Дубай қаласында өтіп жатқан EXPO-2020 дүниежүзілік көрмесіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық павильонын жарты миллион адам тамашалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

EXPO-2020 қонағы Қазақстанға туристік жолдама ұтып алды

Қазақстан павильонын көруге келген 500 мыңыншы қонақ БАӘ Ұлттық кеңесінің БАҚ бойынша журналисі Мансур Ларди болып шықты. Мерейтойлық қонақты Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Мадияр Меңілбеков мырза қарсы алды.

«Біз Қазақстан павильонының 500 000-шы келушісін қуана қарсы алдық! Біздің павильон көрменің ең танымал 10 павильонының қатарына кіреді. Біздің павильонымыз, яғни біздің еліміз халықаралық аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырып отырғанына өте қуаныштымыз», деп Елші қуанышын білдірді.

Мансур Лардиге Қазақстанды өз көзімен көріп, еліміздің мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берілді. Атап айтқанда, оған сыйлық ретінде екі адамға арналған туристік сапар табыс етілді. Саяхат демеушілері - «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы, қазақстандық Air Astana әуе компаниясы, Шымбұлақ тау курорты және ML Tour туроператоры.

Еске сала кетсек, Дүниежүзілік EXPO-2020 көрмесі 2021 жылдың 1 қазанында Дубай қаласында ашылды. Осы уақыт ішінде Қазақстан павильоны үлкен танымалдылыққа ие болды. EXPO-2020 Dubai ұйымдастыру комитетінің деректері бойынша көрмеге 5 миллионнан астам адам келген. Күн сайын ұлттық павильонға орташа есеппен 8 мың адам келеді. Туристік қызығушылықтан басқа, ол халықаралық бизнес топтары арасында жоғары іскерлік қызығушылыққа ие. ҚР Ұлттық павильонының алаңында 30-ға жуық іскерлік іс-шара жоспарланған, оның аясында конференциялар, форумдар, B2B кездесулер өтеді, сондай-ақ елдің инвестициялық және туристік әлеуеті бойынша жобалар, ғылыми және білім беру бастамалары ұсынылады.

Ұлттық павильонның контенті көрменің «Ақыл-ойды біріктіріп, болашақты құру» тақырыбын толық ашады, ал оның мазмұны республиканың туристік және инвестициялық әлеуетін ашады.

Бұдан басқа, күн сайын келушілерге арналған павильонның алдында арнайы жабдықталған ашық алаңда этникалық музыкалық ұжым өнер көрсетуді. Сондай-ақ павильон аумағында орналасқан ұлттық тағамдар мейрамханасы да келушілерді тәнті етті.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20