Қаржы • 14 Желтоқсан, 2021

Бұдан былай Қазақстан шетелдік қаржылық шоттар туралы біле алады

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап еліміздің резиденттері болып табылатын жеке және заңды тұлғалардың шетелдік активтері туралы ақпарат алады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Бұдан былай Қазақстан шетелдік қаржылық шоттар туралы біле алады

Резиденттердің қаржы шоттары және қатысушы елдердің еларалық есептілігі туралы автоматты ақпарат алмасуды іске асыру 2014 жылы Қазақстанның салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияға қосылуы шеңберінде басталды.

«Қазақстан Республикасына шоттардағы қаражат қалдықтары, пайыздар, дивидендтер сомасы және 62 қатысушы елдің қаржы шоттарындағы активтеріне байланысты туындаған басқа да кірістер туралы ақпарат беріледі», деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.

Сондай-ақ, 91 қатысушы елден трансұлттық компаниялардың қатысушылары тіркелген салықтық юрисдикциялар арасында кірістерді, пайданы, төленген салықтарды және экономикалық қызметті жаһандық бөлу туралы жиынтық деректер туралы мәліметтер ұсынылатын болады.

«Ақпаратпен алмасу шеңберінде конвенцияға қатысушы елдермен ынтымақтастық Қазақстанға халықаралық стандарттарға сәйкес келуге мүмкіндік береді және халықаралық деңгейде салық салуды болдырмау және жалтару мақсатында құрылған салық схемаларының жолын кесу бойынша салық органдары күресінің тиімділігін арттырады», дейді Мемлекеттік кірістер комитеті.

Алмасу жүзеге асырылатын елдер туралы ақпарат ЭЫДҰ-ның ресми сайтында орналастырылған.

Толығырақ мына мына сілтемелер арқылы білуге болады.