Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2021

Мереке қарсаңында баспаналы болды

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада баспана кезегінде тұрғандарға Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында шаһардың сол жағалауындағы 680 пәтерлік 14 тұрғын үйдің кілті берілді. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мен қала әкімі Ғанибек Қазантаев қатысқан шарада пәтерлі болған­дардың дені көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылар.

Мереке қарсаңында баспаналы болды

Аймақ басшысы тұрғындарды қоныс тойымен құттықтап, Қы­зыл­орда тұрғын үй құрылысы жа­ғынан басқа өңірлермен салыс­тыр­ғанда көш басында келе жат­қанын атап өтті. Тәуелсіздік алған 30 жылда об­лыста 8 млн шаршы метр­ге жуық тұрғын үй пайдалануға берілген.

– Баршаңызды алдымен еліміз­дің ең басты ұлық мерекесі – Тәуел­сіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы­мен құттықтаймын! Құрылысы қарқынды Қызылордамызда бүгін тағы бір жаңа тұрғын үйді пайдалануға беріп, пәтер иелерінің қуанышын бөлісіп отырмыз. Баспаналарыңыз сәбидің күміс күлкісіне бөленіп, ша­ңырақтарыңыздың шаттығы үзіл­месін, – деді Г.Әбдіқалықова.

Аймақ басшысы тұрғын үйлерді уақтылы және сапалы салған мер­дігер мекеме басшыларына да риза­шы­лы­ғын білдірді. Биыл облыс­та 2 408 пәтерлік 110 тұрғын үй­дің құрылысы жүруде. Жыл соңына дейін 1 608 пә­тер­лік 94 тұр­ғын үй пайдалануға бе­ріледі деп жос­пар­ланған.

 

Қызылорда облысы