«Турасын айтқанда Жәнібек Әлімханұлы дәл қазір Деметриус Андраде үшін ең қауіпті қарсылас екені рас. Алайда америкалық былғары қолғап шеберін жеңу үшін шаршы алаңда бокстасқаннан гөрі төбелескен жөн. Джермалл Чарло Деметриус Андрадемен кездесуден қаймығады. Геннадий Головкин «зейнет» жасына жақындап қалды. Сондықтан Андраде Әлімханұлымен қолғап түйістіреді.
Андраде көп қарсыластарынан әуесқой рингтегі тәжірибесі арқылы басым түсіп жатады. Алайда қазақ оғланы бұл тұрғыдан қарсыласынан кем түспейтінін ескерген ләзім. Әлімханұлы бұл шайқаста қарсыласын айқын басымдықпен жеңе алмайды. Әйткенмен, ол Деметриус Андрадені жеңе алатын әлеуетке ие боксшы», дейді арна жетекшісі.