Әлем • 15 Желтоқсан, 2021

Сауда орталығындағы өрттен жеті адам зардап шекті

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Гонконгтағы жанып жатқан сауда орталығында 300-ден астам адам құлыптаулы қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сауда орталығындағы өрттен жеті адам зардап шекті

Гонконгтағы сауда орталығының төбесінде тұтанған қатты өрт кезінде құлыпталып қалған адамдардың саны 300-ден асады. Олардың жетеуі зардап шеккені туралы South China Morning Post басылымы ақпарат таратты.

Бұған дейін полиция алдын ала мәліметтер бойынша ашық алаң орналасқан бесінші қабатқа 100-ге жуық адам эвакуацияланғанын хабарлады.

Сондай-ақ басылымның мәліметінше, жеті адам газдан уланған. Олардың төртеуі ауруханаға жатқызылды. Атап өтілгендей, өрт электронды жабдық орналасқан үй-жайда болған.