Коронавирус • 15 Желтоқсан, 2021

Google вакцинадан бас тартқан қызметкерлерін жұмыстан шығармақ

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Америкалық Google компаниясы коронавирусқа қарсы вакцинациядан бас тартқан қызметкерлерді жұмыстан шығаратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Google вакцинадан бас тартқан қызметкерлерін жұмыстан шығармақ

Google компаниясы коронавирус індетінен сақтану үшін егілетін міндетті вакцинация туралы талапты орындаудан бас тартқан қызметкерлерді жұмыстан босату туралы шешім қабылдайтынын айтты.

Компания жетекшілері бұған дейін өзінің барлық қызметкерлерінен 3 желтоқсанға дейін covid-19 вакцинациясын растайтын сертификат немесе медициналық, діни себептерге байланысты вакцинациялау мүмкін еместігін айғақтайтын құжат ұсынуды талап еткен болатын.

Компанияның жаңартылған ережелеріне сәйкес, қажетті құжаттар ұсынылмаған жағдайда 2022 жылдың 18 қаңтарынан бастап қызметкерлер бір айға «ақылы әкімшілік демалысқа» жіберіледі. 30 күн өткеннен кейін вакцинацияланбаған жұмысшылар жарты жылға ақы төленбейтін демалысқа ауыстырылады, содан кейін олар жұмыстан шығарылады.