Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2021

Елбасының ескірмейтін естелігі

420 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тәу етер тәуелсіздігімізді тұғырға қон­ды­рып, тұрақты Қазақ­станның кепілі болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халық үшін жасаған ерен еңбектерін қанша жаз­сақ та, айтсақ та артық етпес. Сол себеп­ті Елбасына қатысты кез келген дерек, па­йымды пікір, оймақты ой дәріптелуі де маңызды.

Елбасының ескірмейтін естелігі

Тұңғыш Президентке қатыс­ты құнды жәдігер­лер­дің біразы туған өлкесі – Жетісу жеріндегі бір­қатар мұражай­да сақталған. Соның ішінде ақын Серік Қалиев басшылық ететін Қарасай аудан­дық тарихи-өлкетану музейі де бар. Рухани ор­та­лықта Нұр­сұлтан Әбішұлының бала­лық ша­ғы­нан, қызметтік жолынан сыр шертетін заттары түп­­нұс­қада насихатталуда. Со­лар­­дың бірі – тап­сы­рыс­пен ар­найы дайындалған Елбасы Н.Назар­баевтың қаламсабы. Бұл жазу құралын Италия­ның Montegrappa фабрикасы өн­дірген. Ғалам­тор­дың дерегіне сүйенсек, мұндай қаламсап­тар оны таңдаған адамның стилін көрсетеді. Бәлкім, Тұң­ғыш Пре­зиденттің қолына түсуі де бекер емес шы­ғар. Жалпы, аталған фирманың қаламсаптары өте қым­бат болып саналады. Әрі оны дүние жүзінің ең беделді адамдары, яғни, саяхатшылар, әншілер, кәсіпкерлер, спортшылар және тағы басқа білікті басшылар қолданады.

Қарасай аудандық тарихи-өлке­тану музейінің бас қор сақтау­шысы Гүлжан Аянбаева­ның айтуынша, орталыққа келушілердің көбісі жерлесіміз Нұрсұлтан Әбіш­ұлының заттарына көп қызығушылық танытады. Олардың арасында ерекше көзге түсетіні де осы қаламсап екен.

Montegrappa компания­сы­ның Елбасы үшін дайындаған қалам­сабын­да ұлттық құнды­лық­қа қа­тысты нәрселер барынша қамтылған. Жазу құралы­ның төменгі жағында Қазақ­станның географиялық картасы орналастырылған болса, жо­ғарғы бөлігінде мемлекеті­міз­дің Елтаңбасы бейнеленген. Ал қалпағының дәл төбесі­нен туы­мызды байқауға бола­ды. Сондай-ақ оның беткі сақина­сында Қазақстанның Тұңғыш Прези­денті Н.Ә.Назарбаевтың талай құжат­тарға қойған қолы­ның көрі­ні­сі көрсетілген. Қаламсап­тың қал­па­ғымен қосқандағы жалпы ұзын­дығы – 14 сантиметр.

Рухани орталықтың ерекше жәдігері болып саналатын жазу құралы естелік қорап­қа салын­ған. Елбасымыз осы қаламсаппен кезінде мемлекеттік маңызы бар құжаттарға қол қойып, тіпті, кездесулерде өзінің жылы лебіздерін жазған екен.

 

Дидар МӘЛІКҰЛЫ

Алматы облысы,

Қарасай ауданы

Соңғы жаңалықтар

Egov Chatgpt сияқты жұмыс істейді

Технология • Кеше